АЛҒЫ СӨЗ
Антон Артемьев, Басқарма төрағасы
Қадірлі достар, әріптестер!

Соңғы екі жыл қорымыз үшін өте нәтижелі болды. Жас белсенділерді, сарапшылар мен құқық қорғаушыларды оқыту сияқты ең сәтті бағдарламаларымызды жалғастырып, жаңа бастамаларға да қолдау көрсеттік: серіктестерімізбен бірлесіп әйелдер құқығы туралы «Әйелді аяла» атты қазақ тіліндегі ауқымды кампания жүргіздік. Былтыр қор жұмысын сараптап, 2019-2020 жылдарға арналған жаңа стратегия әзірледік. Сондықтан қазір өткен стратегиялық цикл кезінде не істегенімізді айтып, әрмен қарай қайда бет түзейтінімізді ойланатын сәт туып тұр.
2014 жылы басталған «Баршаға ашық қоғам» бастамасы менталдық және психоәлеуметтік бұзылыстары бар адамдардың қоғамнан оқшауланбастан өмір сүру, оқу және жұмыс істеу құқықтарын әйгілеуді мақсат етті. Міне, бүгін, 4 жылдан соң, инклюзивті білім беру Қазақстандағы білім беру жүйесінің ажырамас бөлігіне айналғанын, жабық медициналық мекемелерде тұрудан басқа баламалы шешімдер пайда болғанын, ал ел өңірлерінде менталдық және психоәлеуметтік бұзылыстары бар адамдар әлеуметтік және кәсіби дағдыларды үйрене алатын жаңа орталықтар ашылғанын мақтан тұтамыз. Қор қолдауымен ашылған «Training кафе» осындай оқыту әдісінің жарқын мысалы болды. Бұл жобаны қоғамның да, билік өкілдерінің де қуана қабылдағанына, қазір жоба біздің қаржылық қолдауымызбен тәуелсіз жұмыс істеп жатқанына қуаныштымыз.
Қор қолдауымен ашылған «Training кафе» осындай оқыту әдісінің жарқын мысалы болды. Бұл жобаны қоғамның да, билік өкілдерінің де қуана қабылдағанына, қазір жоба біздің қаржылық қолдауымызбен тәуелсіз жұмыс істеп жатқанына қуаныштымыз
_______________________
2017 жылдан бастап біздің Қорда экономикалық әділдік пен әлеуметтік әлсіз топтың экономикалық құқықтарын қорғауды мұрат тұтқан «Ашық экономика» жаңа бастамасы пайда болды. Өткен екі жыл ішінде бастама бірнеше жарқын және бірегей жобаға қолдау көрсетті.

Заманауи ойшылдардың, әлемдік деңгейдегі сарапшылардың, Нобель сыйлығы иегерлерінің, мемлекет, халықаралық ұйым басшыларының мақалаларын жариялайтын Project Syndicate жобасының Қазақстанға келуіне ықпал еткенімізге қуаныштымыз. Олардың түрлі тақырыпқа қатысты ой-пікірі бүгінде қазақстандық БАҚ-та қазақ және орыс тілдерінде тұрақты түрде жарияланып жүр. Сондай-ақ екінші жыл қатарынан бізге қатысы бар, іріктелген мақалалар топтастырылған журнал шығып жатыр.
Өткен бірнеше жыл ішінде Қазақстандағы азаматтық қоғамда елеулі өзгерістер болды. Мұның дәлелі – азаматтық белсенділіктің артуы, азаматтық бастамалардың көбеюі. Біздің қор азаматтық қоғамның дамуына үлес қосты, әлеуметтік және мәдени белсенділік бағытындағы маңызды жобаларға қолдау көрсететін «Жаңа азаматтық бастамалар» бағдарламасы көпшілікке сеп болды деп сенемін.
2019 жылдан бастап біз орта білім инновацияларын қолдауды мақсат қылған және әр қазақстандық балаға қолжетімді болатын Білім беру жобасын бастаймыз

Қор қызметі үшін жаңа бағыттарды зерделей отырып, орта білімнің сапасыз әрі қолжетімді болмауы – еліміздегі ашық қоғамға деген сын-қатердің бірі болып тұр деген қорытындыға келдік.

2019 жылдан бастап біз орта білім инновацияларын қолдауды мақсат қылған және әр қазақстандық балаға қолжетімді болатын Білім беру жобасын бастаймыз.
Сондай-ақ «БАҚ-ты қолдау» бағдарламасы Ақпараттық бағдарлама деп өзгертіп, оған сыни ойлау, медиасауаттылық және адамның сандық құқықтарын таныту міндетін жүктеп отырмыз.
Мына есепті қоғамға жаңа форматта ұсынып отырмыз. Сегіз адам өз өмірінің қай бағытқа бұрылғанын, қалайша айналасындағы оң өзгерістердің бастаушысына айналғанын айтады.
Біздің бар жетістігіміз Сорос-Қазақстан қорындағы теңдессіз әріптестерім мен серіктестеріміздің тиімді қарым-қатынас орнатуының арқасы, айналамызды аз да болса жақсартуға күш салған еңбектерінің, танытқан азаматтық белсенділіктерінің нәтижесі
_________________
Сонымен қатар қиын шаруаны қолға алған серіктестерімізге қолдау көрсетіп жүрген адамдармен таныстырамыз. Қор бағдарламалары мен бастамаларының жетекшілері өткен екі жылды менеджер ретінде ғана емес, өзіндік азаматтық ұстанымы бар адамдар ретінде баяндайды.
Мұндай есеп менің қатысуыммен алғаш және соңғы рет дайындалып отыр, себебі осы ұйымды жеті жыл басқарған мен 2019 жылдан бастап Сорос-Қазақстан қорының (СҚҚ) басқармасы төрағасының қызметінен кетіп барамын.
Өткенге үңілсем, елде ашық қоғамды дамыту бойынша ілгерілеу барын көремін. Біздің бар жетістігіміз Сорос-Қазақстан қорындағы теңдессіз әріптестерім мен серіктестеріміздің тиімді қарым-қатынас орнатуының арқасы, айналамызды аз да болса жақсартуға күш салған еңбектерінің, танытқан азаматтық белсенділіктерінің нәтижесі. Сондықтан осы есеп соларға – қордың командасы мен серіктестеріне арналады.

Жұлдыз Смағұлова, Қамқоршылар
кеңесінің төрайымы
Қадірлі достар!

Мен үшін ашық қоғам дегеніміз – ең алдымен, әрбір адамның құқығы мен абыройының қорғалуы. Адамдар күшті азаматтық қоғам болмаса, бұған қол жеткізу мүмкін еместігін біле бермейді.

Өз басым әр адамның құқығы сақталған және әрбір азамат қоғам өміріне ешқандай шектеусіз араласа алатын, азаматтар әлеуметтік қызметтерді анықтауға, басқару мен іске асыруға қатысты ойын білдіріп, үкіметке адам құқығы ахуалы бойынша еркін баға бере алатын қоғамның бөлшегі болғым келеді.
Адамдар азаматтық борышын сезініп, әрбір әрекеті мен шешімі өмірімізді бұрынғыдан жақсырақ еткенін мақтан тұтатын қоғамның бір бөлшегі болғым келеді
_____________________
Адамдар азаматтық борышын сезініп, әрбір әрекеті мен шешімі өмірімізді бұрынғыдан жақсырақ еткенін мақтан тұтатын қоғамның бір бөлшегі болғым келеді.

Мен үшін Сорос-Қазақстан – ашық қоғам қалыптастыруды ғана қалайтын жоба емес, гуманистік жоба. Абстрактілі бастамаларды емес, адамдар өмірін айқын көрсететін жобаларды қолдау – қордың міндеті деп білемін.

Өзгерісті қалайтын адамдар әдетте мұны қалай, неден бастарын білмей жатады.
Меніңше, қордың міндеті сол – өзгеріске дайын адамдарды тауып, нақты бір азаматтардың мәселесін назарға алып, түйінін анықтап, сол түйін ауқымды, жүйелі өзгерістердің бастауы болуына септесу.

Мәселен, аулаларды жақсартып, аула театрларын құру идеясы арқылы адамдар аула тазалығын сақтау өз мойнындағы жауапкершілік екенін, үкімет пен әкімдікті сөкпей-ақ, өз қолыңмен әлденені өзгертуге болатынын көрсетеді.
Осындай тамаша командамен жұмыс істегенімді мақтан тұтам. Олардың ешқайсысы да бұл салаға кездейсоқ келген жоқ, әрбірі бастаған ісіне жанын салатын кәсіби маман
__________________
Азаматтар ортақ игіліктері үшін осылай жұмылып, бірлесе белсенділік танытқанда азаматтық қоғам пайда болады. Адамдар өз күшіне сене бастайды, өзін көрсететін, өз бетінше бастама көтеретін орта қалыптасады.

Осындай тамаша командамен жұмыс істегенімді мақтан тұтам. Олардың ешқайсысы да бұл салаға кездейсоқ келген жоқ, әрбірі бастаған ісіне жанын салатын кәсіби маман. Қордың әр қызметкері ашық қоғам қағидаларын қолдайтынын сөзбен ғана емес, іспен де дәлелдеп жүргеніне шексіз разы боламын.
Олардың бәрі (тап өзім сияқты) – әлемді ақырын болса да өзгертуге болатынына шек келтірмейтін оптимистер.

Бүгінде азаматтық қоғам біріге алмай жүр. Әрине, ойы мен ниеті бір адамдардың шағын тобы
Мен үшін Сорос-Қазақстан – ашық қоғам қалыптастыруды ғана қалайтын жоба емес, гуманистік жоба
_____________________________
әлемді аз да болса жақсарта алатынына сенемін, бірақ бәріміз жұмылсақ әлдеқайда көп нәрсе жасай алар едік.

Ол үшін біз алдымен тіл табысып, бір-бірімізге құлақ салып, ортақ мәмілеге келуіміз керек. Бәрінің бірдей ойлауы міндетті емес. Пікіріміз алуан болуы мүмкін, бірақ заң үстемдігін талап еткенде, билікті асыра пайдалануға қарсы шыққанда, азаматтардың құқықтары мен сөз бостандағын қорғауға келгенде жұмылуымыз керек.
Ойы мен ниеті бір адамдардың шағын тобы әлемді аз да болса жақсарта алатынына сенемін, бірақ бәріміз жұмылсақ әлдеқайда көп нәрсе жасай алар едік
КІРІСПЕ
Аида Айдарқұлова, бағдарламалар директоры
Қазақстанның үкіметтік емес секторы тарлығына, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шектеулі болғанына қарамастан қарқынды дамып келеді. «Бұл сала коммерциялық ұйымдар сияқты серпінді болмағанымен, мұнда да пайдалы әрі қызықты дүние көп. Біз өз қызметімізбен осы секторға деген қате көзқарасты өзгертуге тырысып жатырмыз», – дейді Сорос-Қазақстан қорының бағдарламалар директоры Аида Айдарқұлова.
Бұл процеске қордың үш стипендиялық жобасы айрықша үлес қосып жатыр, соның арқасында ұйымның бірнеше өңіріндегі кәсіби серіктестерінің саны көбейді. Бір қарағанда Сорос-Қазақстан қызметінің аумағы Астана мен Алматы сияқты ірі қалаларда шектеліп қалғандай көрінеді, бірақ бұл – қате ой. Бір ғана «Ашықтық және есептілік» бағдарламасының өзі соңғы екі жылда Қазақстанның 14 облысының 12-сін қамтыды.

«Соңғы жылдары коммерциялық емес ұйымдардың институционалды дамуын қолдайтын донорлық ұйымдар саны күрт қысқарды. Соған байланысты өңірлерден келіп түсетін жобалардың сапасы нашарлап кетті», – дейді бағдарлама директоры.

Саны өсіп келе жатқан қазақтілді аудиториямен әріптестік байланыс қалыптастыру – қор үшін тағы бір шешілмеген мәселе болып тұр. Ұйымның жаңа стратегиясы осы кемшілікті жоюға бағытталған. Сорос-Қазақстан қорының қызметі санаулы адамға арналған, көптің қолы жетпейтін дүние деп қабылданбауы тиіс.

Қордың қай жұмысы болмасын қоғамдық қатынастың барлық түрінде адам құқығын өзек ретінде қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ азаматтық-саяси құқықтар туралы лекциялар мен рұқсат етілмеген митингіні ұйымдастырды деп айыпталу қаупіңіз бен подъездегі жарық мәселесін қалайша біріге шешуге болатынын түсіндіру, екі бөлек дүние екенін қор жақсы біледі.

Ұйым мұндай тәсілді бағдарламаларында да, бастамаларында да ұстанады. Бірінші жағдайда қор серіктестерінің тәжірибесіне және сараптамасына негізделе отырып, олардың идеяларын іске асыруға қажетті қолдау көрсетеді. Екіншісінде – қор мақсаттар жиынтығын өз бетімен анықтап, оларға жету үшін қажетті серіктестерді іздейді. Сондай-ақ Сорос-Қазақстан қызметкерлерінің ешқайсысында келіп түскен өтініштер бойынша шешім қабылдау құқығы жоқ – шешімді тек азаматтық қоғам өкілдері, түрлі саладан келген кәсіби мамандар қабылдайды.

БАҚ, үкіметтік емес ұйымдар, адвокаттар мен сарапшылардың қызмет алаңы жыл сайын тарылып жатқанына қарамастан, қолдау көрсетілген жобалар саны азайып жатқан жоқ. Елдегі адам құқығы ахуалының біраздан бері нашарлап кеткені қорды Қазақстанда ашық қоғам құндылықтарын таратудың жаңа жолдарын іздестіруге ынталандырады.

1995 жылы құрылғаннан бері қор теңдік, әділеттілік, адам құқықтарын құрметтеуге және заң үстемдігі қағидаттарын нығайтуға, бюджеттің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуге, толеранттылықты және азаматтық белсенділікті көтеруге бағытталған жобаларды жүзеге асыруға грант түрінде 70 миллион долларға жуық қаржы бөлген.

Сорос-Қазақстан мемлекеттік органдармен өзара тең әрі тұрақты қызметтік қатынас қалыптастырған. Бұл ұйымның алға тұрақты түрде қозғалуын жалғастыруға мүмкіндік береді.
«Оң өзгерістер болуы үшін тек идея мен оны жүзеге асыру жолын көрсететін мысалдың болуы жеткіліксіз. Мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуі, үкіметтің қолда бар мүмкіндіктер шеңберінде идеяны іске асыруға әзір болуы өте маңызды. Ал серіктестеріміз мақсатқа жету процесі ұзақ, бірақ қызық болатынын түсінуі қажет», – дейді Аида.

If a building becomes architecture, then it is art
АЙДАР ӘСІМБАЕВ

«Құқықсыздықтан құқықтық қабілеттілікке дейін» Психоаналитика қауымдыстығы жобасының қатысушысы
Анам мені сәбилер үйіне тастап кеткен. Содан соң №1 балалар үйінде, жетім балаларға арналған «Жанұя» арнаулы кешенінде (онда мен 15 жасыма дейін болдым) және №2 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы – 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға арналған интернатында болдым. Сосын Каблуков көшесіндегі №1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына ауыстырды. Мені мүгедектерге арналған арнайы мекемеге жібермек болғанда, қарсы болдым. Маған туғанымда орташа ақыл-ой кемістігі диагнозы қойылғанын хабарлады. Мен бұл туралы білген де жоқпын! Мең-зең күйге түстім. «Жоқ, мен ондай емеспін. Не үшін маған ондай диагноз қойғансыздар? Сау адамды ауру ету – әділетсіздік қой. Мен сау адаммын. Сіздер менің сыртымнан диагноз қойғансыздар», – дедім.

2015 жылы маған Психоаналитика қауымдыстығынан тағылымдамадан өтуге ұсыныс түсті, сол сәттен бастап, міне, үшінші жыл «Training кафе»-де жұмыс істеп келемін. Алғашында біздің кафе Айманов-Жандосов көшелерінің қиылысында орналасқан еді. Мен ол жерде даяшы, кассирдің көмекшісі қызметін атқардым. Маған адамдармен сөйлескен, араласқан ұнайды. Бізді интернаттан алып кеткені үшін Анна Құдияроваға алғысым шексіз. Содан кейін әкімдік бізге «Болашақ» базарынан кафеге ғимарат берді. Қазір жұмысымды сонда жалғастырып жатырмын. Мен қарапайым адамдар сияқты жұмыс істей алатынымды, сенімді әрі тәуелсіз бола алатынымды дәлелдедім. Қолымнан келді.

18 жасымда мені еңбекке жарамсыз деп танығанын білген жоқпын. Психоаналитика қауымдыстығы менің еңбекке жарамды екенімді дәлелдеу үшін құжаттар жинай бастады. Бұл процесс ұзаққа созылды. Бірінші сот отырыстарына қатыстым, содан соң мені сараптамаға жіберді. Мен үшін бұның бәрінен өту қиын болды. Сұрақтарға жауап бере алмай қаламын деп қорықтым.

Олар «құстың ұшақтан қандай айырмашылығы бар?», «100-ден 80-ді алсаң қанша болады?» деген сияқты және география бойынша да сұрақтар қойды. Бәріне жауап бердім. Содан соң сараптамадағылар психиаторды шақырды. Ол менің жұмысқа қалай жететінімді, алдымда қандай көшелер болатынын сұрады. Мен күнделікті жүретін жолды білмейтіндей ақымақ емеспін ғой. Содан соң «жұмысыңды қалай табасың?» деп сұрады. Күлкім келді! Адаспай таба аламын, оның үстіне «Training кафе. Хванчкара. Мейрамхана» деп жазылған ғой. Олар «жарайсың» деді. Маған олардың мұндай сұрақтар қоюы орынсыз көрінді, бірақ өздеріне қажетін сұраған шығар.

Содан кейін мені қайта сотқа жіберді. Сот менен: «Саған шын мәнінде қамқоршы қажет емес пе?» деп сұрады. Мен: «Жоқ, қамқоршыға мұқтаж емеспін. Жеке өмір сүре аламын, лайықты қыз тауып, үйленемін» дедім. Олар маған «Жарайды, біз сізге еңбекке жарамды статусын қайтарамыз, бірақ бұл сізге не үшін қажет?» деп сұрады. Мен «Қоғамда өмір сүргім келеді. Неге мен жұмыс істей алмаймын? Біз де адамбыз. Қазақстанның заңнамасы бойынша, біздің қарапайым адамдар сияқты өмір сүруге құқығымыз бар. Неге мүмкіндік бермеске? Мен алдымен колледжге барып, жедел жәрдем фельдшері мамандығын оқып, кейін дәрігер болғым келеді. Алдағы уақытта өзім үйім, жеке көлігім болады» деп жауап бердім.

Сосын олар сыртқа шығып кетті. Мені еңбекке қабілетті деп таныса екен деп Аллаға жалбарындым. Содан соң хатшы келіп, қағаздағыны оқи бастады: «...Әсімбаев Айдар 2018 жылдан бастап жұмысқа қабілетті деп танылсын, ол – ақыл-есі сау адам». Жүрегім орнына түсті! Сол сәттен бастап мен Қазақстанның нағыз заңды азаматы болдым.

Қазір жатақханада досыммен тұрамын. Үйде кір жуу, үй жинау, тамақ пісіру сияқты шаруаларым бар. Кез келген тамақты әзірлей аламын! Бос уақытымда кинотеатрға барамын, коньки тебемін, достарыммен араласып, құрбыларыммен серуендеймін. Дүйсенбі күні бізде топтық сабақтар болады. Біреуімізде қандай да мәселе туындаса, соның бәрін кіші психотерапиялық топта талқылаймыз. Бізде сондай-ақ психологтің жеке кеңестері өткізіледі.

Қазір 22-демін. 9-сыныпты бітірдім, алда тағы оқуым керек. Анаммен көріскім келеді, анаға деген ыстық сезім менде сөнген емес. Оның мені кешіргенін қалаймын, ал мен оны, әрине, кешіремін. Өз отбасым болса деймін, бай, бақытты болғым келеді. Ал мемлекеттен ешбір көмек күтпеймін. Өзім тапқан ақшаға үй сатып алғым келеді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде депозитім бар. Болашақта бизнеспен айналысып, үш мейрамхана ашқым келеді. Денсаулығында менталдық бұзылыстары бар балалардың ел қатарлы жұмыс істеп, барлығын үйренуі үшін, алға ұмтылуы үшін Анна Құдиярова сияқты өзіме жұмысқа алар едім.
.
ИРИНА ЕЛИСЕЕВА
түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық
орталығындағы мектепте арнаулы білім беру зертханасының меңгерушісі
Қордың бірнеше жобасына қатысу арқылы менің кәсіби қызығушылықтарымның шеңберіне білім беруді инклюзивтілік тұрғыдан дамыту кірді. Бұл біздің зертханамыздағы ғылыми жұмыстың мазмұнына қатты әсер етті. Қазір біз жүргізетін зерттеулердің бәрі «Арнайы білім берудің теориясы мен практикасы орта білім беретін мектептерде инклюзивті білім беруді қалай дамыта алады?» деген сұрақтың жауабын табуға негізделген.

Мұғалімдер психологтармен, логопедтермен, арнаулы педагогтармен бірлесе жұмыс істеу арқылы жүзеге асыра алатын қарапайым мектептердегі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың педагогикалық қолдау механизмі мен технологиясын дамытуды басты назарға алып отырмыз. Біз жұмыстағы командалық тәсілдерге, мамандардың, мұғалімдер мен отбасының бірлесе жұмыс істеуіне аса мән береміз.

Инклюзивті білім беру мәселелерімен біздің зертхана 2012 жылдан бері айналысады. Әу баста-ақ арнайы білім берудегі икемділіктің және білім беру процесі индивидуализациясының технологияларын, әдістері мен амалдарын мектепке көшіріп қоя салсақ жақсы нәтижеге жете алмайтынымызды түсіндік. Содан соң объективті кедергілерді тауып, оларды еңсеру жолдарын ойлап табу қажеттігін аңғардық. Бұл мәселеде бізге 2017 және 2018 жылдары СҚҚ ұйымдастырған жазғы мектептерге қатысу көмектесті. Онда бізбен Литва, Молдова, Грузияның сарапшылары жұмыс істеді.

Өткен жылы даму ерекшеліктері бар балаларға білім беруде медициналық үлгіден әлеуметтік-инклюзивтік үлгіге көшу қажеттігі талқыланды. Маған қалыптасқан ойымды өзгертіп, жалпы мектептер үшін ақпараттық ресурс ретіндегі рөлімді қайта қарастыру өте пайдалы тәжірибе болды. Біз белгілі бір саладағы ғана аз тәжірибиемізбен мектепке бара алмайтынымызды ұғуымыз керек еді. Біздің міндетіміз – диагнозды ойда ғана ұстап, тек көмектесу жолдарын ұсыну болатын.


Бастапқы кезеңде «инклюзивтілік – бұл икемді және кемсітусіз білім беру үлгісі» деген бірыңғай түсінік қалыптастырудың қаншалықты маңызды екенін көрдік. Біздің ел үшін бұл мәселе әлі де өзекті. Бұның мәнін түсінбеу «инклюзиямен қамтылған балалар», «инклюзия балалары», «инклюзивщиктер», «дағдарыс балалары» деген сияқты ақылға қонбайтын анықтамалар тудырады.

Мен мұны таптаурын ойға негізделген пікір деп білемін, яғни кемсітушілік деп бағалаймын. Сондықтан қарапайым мектеп мұғалімдерімен ақпараттық-ағартушылық жұмыс жүргізу қажет! Мұғалімдерді жоғары оқу орнында икемді болуға үйрете ме? Жоқ. Жоғары оқу орындары бағдарламасында психологияның практикалық дағдылары бар ма? Жоқ. Олар мектеп жағдайларына қажет деңгейде физиологияны біле ме? Жоқ. Сондықтан енді біз мұғалімдерге семинарлар мен біліктілікті арттыру курстарын өткіземіз.

2018 жылы біз жазғы мектепте білім беру үдерісін дараландыру қажеттігін айттық. Тренинг барысында жақын шетелдегі әріптестер сапалы білім берудің қазіргі заманғы даму үрдістері туралы баяндады. Біз Армения, Тәжікстан, Қырғызстан және Украина елінің қатысушыларымен қызықты жұмыс жүргіздік.

Жазғы мектептерде алынған ақпарат бізге Қазақстанда инклюзияны дамыту үшін бірінші кезекте қандай нақты мәселелерді шешу қажет екенін түсінуге көмектесті. Мысалы, мектепте қиналатын оқушылардың қажеттіліктерін бағалау және оларға мұғалім тарапынан уақытылы қолдау көрсету мәселелері. Қиыншылықтар қолынан бәрі келетін балаларда да болады. Мұндай оқушыға да бірнәрсе қажет, мысалы бала кейбір сабақтарда зерігіп кетуі мүмкін, сол кезде оған қосымша «тапсырмалар» енгізу қажет болады.

Біз бұл мәселені қолданыстағы заң шеңберінде және жаңартылған мазмұнға көшуге бағыттай отырып шешуге тырысып жатырмыз. Біз оның негізгі қағидаттары инклюзивті білім берудің идеологиясымен үндесетінін көріп отырмыз. Меніңше, бұл мұғалімдерге білім берудің жаңа парадигмасын түсінуді жеңілдетуі тиіс. Онда мұғалім зерттеуші және психолог позициясында тұруы керек. Ол жай ғана сабақ беруші болып қала алмайды. Мектеп, біріншіден, балаға, екіншіден, нәтижеге бағдарлануы тиіс (біздің педагогиканың бағдары болып келген процеске емес). Ал нәтиже дегеніміз – жеке қасиеттер, сақталған эмоционалдық сала, сақталған денсаулық пен құзыреттілік қоры.

Сорос-Қазақстан еліміздегі жалпы білім беруді жетілдірудің ең өзекті мәселелерін нақты тұжырымдай алады, сондықтан менің қормен бірлесе жұмыс істеуім кәсібімде өз-өзімді дамытуға себепкер болды. Өз жұмысымнан сондай рахат аламын! Оның бір себебі, тіпті терминология деңгейінде де ерекше қажеттіліктері бар балаларға деген қарым-қатынас өзгергенін байқап жүрмін. Өзгерістер педагогикалық қызметтердің икемді болуына бейімдеп, керісінше балаларды түзету немесе қолда бар нормаға икемдеудің қажетсіздігін көрсетіп жатыр. Біз айналамыздағы адамдар мүгедек болмайтындай етіп өзгерте аламыз. Адамның мүмкіндігі ортаның оны мүгедек деп танып, тосқауылдар жасауы арқылы ғана шектелетінін ұмытпауымыз керек.
«БАРШАҒА АШЫҚ ҚОҒАМ»
Айнұр Шәкенова,
бастама үйлестірушісі
Сәуле Қалықова,
қоғамдық саясат мәселелері жөніндегі кеңесші
.......
2
Менталдық
бұзылыстары бар
адам заңды әрекет
қабілеттілігін
қалпына келтірді

.......


Бастама психоәлеуметтік мүгедектігі бар адамдардың қоғамнан оқшауланусыз өмір сүруіне, білім алып, жұмыс істеу құқықтарын қамтамасыз етуге ұмтылды. Оның қызметі екі бағытта жүрді – инклюзивті білім беруді дамыту және денсаулығында менталдық бұзылыстары бар балалар мен ересектерге арналған қызметтердің баламалы түрлерін дамыту. Қор республиканың халықаралық міндеттерін негізге ала отырып, бұл саладағы маңызды өзгерістерге жол салды.

«Бес жыл бойы денсаулығында менталдық және психоәлеуметтік бұзушылықтары бар адамдардың тәуелсіз өмірі мен балама қызметтері бойынша серіктестермен жұмыс істеу барысында еңбекке қабілетсіз адамдарды жиі кездестірдік. Еңбекке қабілеттіліктен айыру – әлеуметтік өліммен тең. Сен өмір сүресің, бірақ құқықтарың да, міндеттерің де, таңдауың да жоқ. Бұл мәселе тұратын жерің, қоғам өміріне қатысу сынды ауқымды заттарды да, «таңғы асқа не жеймін?», «қандай телефон сатып аламын?» деген сияқты ұсақ-түйекті де қамтиды», – дейді бастама үйлестірушісі Айнұр Шәкенова.


Еңбекке қабілеттілікті қайтару жөнінде жобаның мақтан тұтар статистикасы жоқ, бірақ оның маңызы – санда емес. Әрбір жеке адамның басынан өткергені маңызды. Үкіметтік емес ұйым Сорос-Қазақстанның қолдауымен адамдарға толық болмаса да, өз өмірінің иесі болу құқығын қайтаруды мұрат еткен алғашқы кейстердің бірі.



«Соттарымыздың еңбекке қабілеттілігін қайтару мәселесінде тәжірибесі аз екенін және денсаулығында менталдық бұзушылықтары бар адамдардың отбасылары мен қамқоршылары арасында жақындарының таңдау құқығын түсініп, құрметпен қарайтындардың көп емес екенін ескерсек, жобаны жүзеге асыру қиынға соқты», – деп еске алады бастама жетекшісі.

Ол мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялаудың арқасында енді Қазақстан еңбекке қабілеттілігінен толық айырудың орнына біртіндеп балама әзірлеуі тиіс болатынын айтады. Бұл «шешім қабылдауда қолдау» немесе құқықтарды толық бұзбайтын еңбекке қабілеттілігін ішінара шектеу болуы мүмкін. «Бірақ бізде «біз сізге қамқорлық жасаймыз» деген патерналистік қатынас әлі бар және мұнымен күресу оңай болмайды. Біз күндізгі уақытта ғана, үш мезгіл тамақтануы бар, одан басқа бос уақытын толтыру үшін кез келген бір жұмыс беру сияқты қызметтерге жиі тапсырыс аламыз. Ал, құқығы мен тәуелсіз өмірлерін қорғау, жұмысқа орналастыру мәселелері аз көтеріледі. Адамдар денсаулығында менталдық бұзылыстары бар тұлғаларды әлеуметтендіру қажеттігіне сенбейді және кейде «олардан еш пайда жоқ, қолдарынан ештеңе келмейді» деп ашық айтып жатады», – дейді Айнұр.

Айнұр мен оның әріптестері мұндай пікірмен мүлде келіспейді, оған қоса әлемдік тәжірибе де бұл ойдың қате екенін дәлелдейді.

Интернат мекемелерін деинституцияландыру жұмыстары ақырын-ақырын олардың жойылуына әкелуі тиіс. Клуб үйлері, күндізгі орталықтар, өз бетінше тұруға арналған пәтерлер үлкен болмауы және қауымдастықта орналасуы керек.



Сорос-Қазақстанды еліміздегі әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге назар аударатын Қазақстандағы жалғыз қор болғаны үшін бағалаймын

Айгүл Шәкібаева, Қ. Иманалиев атындағы мүмкіндіктері шектеулі
адамдардың құқықтары жөніндегі комиссия
Соңғы екі жылда Сорос-Қазақстан қорының серіктестері кейс-менеджмент бойынша жобаны жүзеге асырып, Алматы интернаттарының бірінде тұратын адамдарға бақылау жүргізді. Сынақ үлкен интернаттарда тұратындардың кем дегенде үштен бір бөлігіне қолдау көрсетілсе, ол жерден шығып, қалыпты өмір бастай алатынын көрсетті. Әзірге денсаулығында менталдық бұзылыстары бар 14,5 мың азамат Қазақстан бойынша 53 интернатта тұрып жатыр.

Арнаулы білім беру мекемелерінің жүйесіне де сауал көп. Қазақстанда бұл жүйемен мүгедектігі бар балалардың 34 пайызы қамтылған, ал дамыған елдерде, мысалы, Финляндияда бұл көрсеткіш 5 пайызға дейін төмендетілген. Ерекше білім беруді қажет ететін басқа фин оқушылары қарапайым мектептерге барады, мектептер оларды қабылдауға алдын ала дайындалып қояды. Себебі әр мектеп келесі оқу жылында оларға қанша бала нендей ерекшелікпен келетінін біліп отырады.

«Қазақстанда жалпы және арнайы білім беру жүйелері бірігіп бір бағытта қозғалуы керек, ал дефектолог мамандар қарапайым мектептердегі мұғалімдер үшін дереккөз, кеңесшіге айналуы тиіс», - дейді қоғамдық саясат мәселелері жөніндегі кеңесші Сәуле Аманжолқызы Қалықова.

Ол кейбір мектеп әкімшіліктері бұл бастаманы түсініп, қолдайтынын айтты. Жұмыс істеген жылдары бұл бастаманы бірнеше мектеп қолға алып, инклюзияны қарқынды дамытты. Балаларын арнайы мектептерге рәсімдеуге мүмкіндігі болмаған ата-аналар ұл-қыздарын жалпы мектептерге берді.


Сорос-Қазақстан мүгедектігі бар тұлғаларға баламалы қызмет түрлерін алуға үлкен мүмкіндік берді. Психоәлеуметтік мүгедектігі бар адамдарға қатысты бастамаларды қолдағаны үшін қорға ризашылығымызды білдіреміз. Мұндай жобаларды кез келген қор, кез келген донор қолдай бермейді

Алмагүл Сейсенова,
Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы

«Біз бұл мектептердің директорлары мен мұғалімдеріне оқу семинарлары мен жазғы мектептер өткіздік. Инклюзивті білім беру іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін көру үшін халықаралық үлгілермен, мысалы, Финляндия үлгісімен танысуға мүмкіндік бердік. Біз үшін инклюзивті білім беру – бұл техникалық компонент қана емес, құндылықтардың, түсініктің өзгеруі, әртүрлілікті қабылдай алу екенін ұғындыру маңызды болды. Инклюзивті мектептерде тек мұғалімдердің дайындығы жеткіліксіз. Еден жуатын әжелер де, күзетшілер де барлық баланы бірдей қабылдай алу керек», – дейді Сәуле Аманжолқызы.

Қордың ұстанымы бойынша мектептер – қоғамның әлеуметтік моделі ретінде қарастырылады, егер олар есігін баршаға бірдей ашса, онда қоғам да көп ұзамай өзгереді.
«Білім туралы» заңға сәйкес, ата-аналар балаларын, оның ішінде ерекше қажеттілігі бар балаларды тұрғылықты мекенжайы бойынша жалпы мектептерге әкелуге құқығы болғанымен, көптеген мектеп ерекше балаларды қабылдауға дайын емес.

«Ондай ата-аналарды көбіне: «Біз балаңыздың мұқтаждығын қамтамасыз ете алмаймыз, сондықтан арнайы түзеу мектебіне барғаныңыз дұрыс» деп қайтарады», – дейді Айнұр. Ол ата-аналардың көпшілігі бұл туралы ашық сөйлескісі келмейтінін, сол себептен мәселе әлі де ашық күйінде қалатынын айтады.

Сорос-Қазақстан қорының арқасында оның көмегінсіз ұйымдастыру қолымнан келмейтін жобаларды жүзеге асыра алдым. Маған таңдау еркіндігін бергені үшін қорға ризамын. Ой-пікірім Сорос-Қазақстан іске асыратын жобалармен жиі сай келетініне қуаныштымын

Гүлнұр Хәкімжанова,
әлеуметтік қызметкерлер, мүгедектер және еріктілер Ассоциациясы
Оның әріптесі ерекше балаларынан ұялмайтын, олардың құқықтарын қорғап, дамытумен айналысатын білімді жас аналар мен әкелер де бар екенін айтады. «Ата-аналардың бастамалары өте тез әрі нәтижелі дамып жатыр. Кейде олар жетпей жататын тьюторлар сияқты орындаушылардың қызметіне кірісіп, оларды алмастыра бастайды. Бірақ мен мұны дұрыс деп ойламаймын. Себебі ата-аналар бастамаларды орындамауы керек, оларды алға жылжытуы тиіс», – деп есептейді Айнұр.

«Біздің қор серіктестермен бірлесе отырып Қазақстандағы инклюзивті білім беруді дамытуға елеулі үлес қосқанын атап өткен жөн. Мектеп базасында ресурстық орталықтар құрып, практик-мұғалімдер қауымдастығын қалыптастыру, инклюзивті білім беру мониторингінің ұлттық шеңберін құру сияқты маңызды жобаларды ұсынып, оларды дамыттық. Жыл сайын біз осы бағыттардағы үш-төрт шағын, бірақ нәтижелі жобаларға қолдау көрсеттік», – дейді Сәуле Аманжолқызы.
2018 жылы Сорос-Қазақстан қоры «Баршаға ашық қоғам» бастамасы аясында жұмысын қорытындылады. «Бұл алаңнан кетсек те, мұнда әлі де атқарылмаған көптеген шаруа бар екенін түсінеміз. Серіктестерімізбен бірге іске асырған бастамаларымыз одан әрі дами береді деп үміттенеміз», – деп аяқтады сөзін қор кеңесшісі.
34%
Алматы қаласындағы №1 интернатта тұратындардың мекемеден шығарылып, қоғамға сіңісуі мүмкін

_______________________________________
Ешбір факті келтірілмеген материалдың барынан жоғы жақсы деген ой ҚазҰУ-да 2-курста оқып жүргенімде келді. 3-курста, MediaNet-те жұмыс істеп жүргенімде адам сенгісіз жағдай болды – фактчекинг тренингі өтетін күні әріптестерімнің бәрі ауырып қалды. Ешкім болған жоқ, шараны ұйымдастыру жағын амалсыз бір өзім соңына дейін жеткізуіме тура келді. Тренингіде StopFake.org командасы көрсеткен нәрселерге қарап отырып, есім кетті. Бұрын ойыма келмеген амал-тәсілдерді көрсетті. Қанаттанғаным сонша – журналистикада төңкеріс жасаймын деген ой келді.

Көп уақыт өтпей Украинаға фактчекинг бойынша курсқа бардық. Сондағы сессиялардың бірінде factcheck.com.ua сайтында істеген, қазір bez-brehni.com жобасын іске асырып жүрген Александр Гороховский лекция оқыды. Бізге тап сол форматтың сай келетінін бірден ұқтық! Гороховский жобасын үлгі етіп алдық та, бірнеше тақырып қосып, өзімізге қажетті айдарлар ашып Орталық Азиядағы тұңғыш фактчекинг ресурсының жұмысын бастадық.


Bellingcat командасы кеңес беріп, көп нәрсе үйретті. Сондықтан игерілген құралдар тұрғысынан біз кей шетелдік әріптестерден әлдеқайда алда тұрмыз.

Фактчекинг көп нәрсені өзгертті. Метадонды «қорғаймын» деп бұрын-соңды ойлаған емеспін, бойымдағы гомофобияны, сексизм мен эйджизмді жеңдім. «Иегова куәгерлері» жайлы аңыз бен ақиқат жазылған материалды оқыған соң өзге дін өкілдеріне қалыпты қарай бастадым. FactCheck.kz кәсіби және адами тұрғыдан мені мүлде басқа жолға салды.
Өзім жасаған ең маңызды фактчекинг кейсі Денсаулық сақтау министрлігінің атын түрлі дәрі-дәрмек жарнамасында пайдаланатын сайттар мен аккаунттар жайлы болды. Бір аптадан соң Денсаулық сақтау министрі бұл туралы көпшілік алдында мәлімдеме жасады. Үшінші курс студентінің сөзін министр келтіріп тұр, сенесіз бе?! Алғашқы жетістігім осы еді. Бірақ бұл тақырыпқа қатысты жіберген сауалхатыма министрлік бір жылдан соң бір-ақ жауап берді.

Қазақ тіліндегі сайттың редакторы болып жүргеніме бір жыл толды. 23 жасымда, төртінші курс оқып жүргенімде редактор болдым. Мені тағайындағанда жылауға сәл-ақ қалдым, себебі жауапкершілік тым ауыр еді. Жүрегім ұшып, қатты уайымдағаным сонша – мұрным қанай беретін. Қазір редактор ретінде өзіме сенемін.

Қазақ тілінде жазатын фактчекерлер аз, себебі менталитет көп нәрсені «ұят» санайды, үлкендерге қарсы шығуға, оларға қатысты жаман нәрсе айтуға болмайды. Қазақтілді журналистерге осы нәрсе кедергі келтіреді. Олар шенеуніктерді тексеруге ұялады. Қазір еліміздегі ірі мемлекеттік басылымдарда істейтін, бірақ сайтымызға лақап атпен материал жазатын авторлар бар. Олар бізге фактчекинг тренингілерінен соң келді. Біз тек журналистерді емес, мұғалімдерді де оқытамыз. Қазақ тіліндегі журналистика өзгеріп жатыр, FactCheck.kz мен сияқты көптеген жас журналистерге жол ашты.

2017 жылы біз Фактчекинг халықаралық желісінің (IFCN) мүшесі болдық, қазір фактчекерлердің еуразиялық желісін құруға тырысып жатырмыз. Көптеген фактчекерлерге ортақ мәселе – биліктің қудалауы мен қысымы, заңнамалық шектеулер, деректердің қолжетімсіздігі. Олар біздің желі аясында бірігуге дайын. Тіпті жапондықтар мен Шығыс Еуропа өкілдері де қосылуға ниетті.

FactCheck.kz аудиториясы өсіп жатыр: 2017 жылы біздің шамамен 30 мың тұрақты оқырманымыз болса, 2018 жылы олардың саны 200 мыңға жетті. Сайтқа бір күнде 10 мың адам кірген кездер де болған. Журфактағы кейбір оқытушылар мені әлі күнге дейін АҚШ мемлекеттік департаментінде жұмыс істеп жүр деп ойласа да, біраз адамдар бізді түсіне бастады. Қоғамды жақсартуға тырысып жүргенімізді ұғып келеді.

IMedia-ға медиа басқару және big data-мен жұмыс дағдыларын меңгеру үшін бардым. Бұл мектептің басты артықшылығы – ұйымдастырушылар тренерлерді жақсы таңдайды. Өздері маманданған саланы жеңіл тілмен түсіндіретін кәсіби мамандар дәріс оқиды. IMedia-ның және бір ерекшелігі – жаттықтырушылармен әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде байланысуға болады. Журфакта оқытушылардың көбі мұндай емес. Оларда «Біз саған тек бағыт беруіміз керек, ал жауап табу – сенің проблемаң» деген принцип бар.

Бұдан бөлек iMedia – бірін-бірі қолдайтын журналистердің үлкен отбасысы. Кейде маған ақпаратты қалай тексеруге болатынын сұрап хабарласады, қандай да бір мәліметті қалай табуға болатынын сұрап өңір тілшілеріне кейде мен хабарласамын. Бұл жоба бұған дейін бірін-бірі білмеген, танымаған журналистерді жақындастырды. Бізді енді бірге оқығанымыз ғана емес, Қазақстанның жаңа тәуелсіз журналистикасын қалыптастыру ниеті де біріктіреді.
«БАҚ-ТЫ
ҚОЛДАУ»
Әлия Шәріпбаева, бағдарлама үйлестірушісі
Миссия программы всегда состояла в укреплении профессиональных стандартов независимой журналистики, которая является одним из важнейших участников открытого общества. Программа поддержала проекты, направленные на создание новых СМИ, поддержку законодательной среды для медиа, профессиональное развитие СМИ, журналистов и общественных организаций, защищающих их права и свободы.

Школа Мультимедийной журналистики iMediaProject – уникальный проект, уверена координатор программы Алия Шарипбаева. С 2015 года Казахстанский пресс-клуб в партнерстве со Школой журналистики Университета Миссури при поддержке ФСК «ломает мозг» казахстанским журналистам, открывая для них возможности для создания и продвижения контента.

Профессора Университета делятся опытом, учат думать, не останавливаться на достигнутом и призывают создавать возможности там, где их нет. «Это достаточно неплохая вещь, когда ты неделю общаешься с таким человеком, перенимаешь его мышление и начинаешь думать как он о том, что ты делаешь», – говорит Алия.
Сорос-Қазақстан – жақсы серіктес, нәзік те күрделі тақырыптардан қорықпайды. Мемлекеттік ақпараттық тапсырыспен және пропагандамен күресіп жүрген бізді қолдайтын жалғыз – қор. Қазақстандықтардың азаматтық белсенділігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы туралы айтылғанда Сорос-Қазақстанның адал және ашық серіктес екені өте маңызды

Диана Окремова, Құқықтық медиа-центр

_____________________________________

– ашық қоғамның ең маңызды өлшемдерінің бірі – тәуелсіз журналистиканың кәсіби стандарттарын нығайту. Бұл бағдарлама жаңа БАҚ құруға, журналистер мен қоғамдық ұйымдарды, БАҚ-ты кәсіби дамытуға бағытталған. Олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап, медиа үшін заңнамалық ортаны қалыптастыруға бағытталған жобаларды қолдайды.
IMediaРroject мультимедиалық журналистика мектебі – бірегей жоба екендігіне сенімді бағдарлама координаторы Әлия Шәріпбаева. 2015 жылдан бастап Қазақстан баспасөз клубы Сорос-Қазақстан қоры қолдауының арқасында Миссури университетінің журналистика мектебімен әріптестік орнатып, қазақстандық журналистерге жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, контентті дамытуға дем беріп жүр.

Университет профессорлары тәжірибесімен бөлісіп, ерекше ойлауға, қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмауға үйретеді, жоқ жерден жол табуға бейімдейді. «Бір апта бойы ерекше ойлайтын адаммен бірлесе жұмыс істеп, ой-өрісіңді өзгертіп, оның таным-түсінігін ұғынып, өзің солай пайымдай бастауың жақсы нәрсе емес пе?», – дейді Әлия.

Сорос-Қазақстан қоры – шешім қабылдау процесіне сарапшыларды сырттан, азамматтық қоғамнан тартатын жалғыз донор шығар. Бұлай ету шешімдердің барынша объективті және тақырыптардың өзекті болуын қамтамасыз етеді. Журналист ретінде маған сөз бостандығын қамтамасыз етуі өте маңызды. Бұл үшін Сорос-Қазақстанға алғыс айтамын. Біз серіктес болған талай жылдан бері қор өзі белгілеген қағидалардан тайқып кеткенін көрген емеспін


Әділ Джалилов, MediaNet
Жоба туралы баяндап жатқанда Әлия аңдамай «біз» деп қала береді де, артынша өзін түзеп, мұнысын: «Сонша жаныңды салып істегенде өзіңнен-өзің «біз» деп кетеді екенсің. Мектепке тәжірибесі мен дайындығы түрлі деңгейдегі адамдар келеді. Жасқа шектеу жоқ. Әлдекім қоғамға пайдалы болатын жоба ашқысы келсе, неге оған жоқ деуіміз керек? 40-тан асқан адам Аdobe Premier-ді көргенде шошып кетеді деп кім айтты? Ехсеl-ді көргенде есеңгіреп қалатын жастар да бар, – дейді бағдарлама координаторы. – Уақыт өте келе түрлі қиындықты өткеріп, бір жыл ішінде қатысушылар нағыз командаға айналды» деп түсіндірді.

Жалпы айтқанда, «БАҚ-ты қолдау» бағдарламасы қолдау көрсеткен түрлі сипаттағы білім беру шараларына өткен екі жыл ішінде 150-ден аса журналист пен сарапшы қатысты.
Бұдан бөлек, қор алты БАҚ пен арнаулы жобаға қолдау көрсеткен.
Сорос-Қазақстан біздің сенімді серіктеске айналды. Қор мамандары Қазақстандағы адам құқықтарының шынайы ахуалын, қоғамның негізгі қажеттіліктерін және олардың ашық азаматтық қоғам құрудағы стратегиялық міндеттермен байланысын жақсы біледі. Біз жобаларды әзірлеу кезінде де, оларды тиімді іске асыруда біраз қолдау көреміз

Тамара Калеева, «Әділ сөз»
____________________
Әлия Қазақстан тәуелсіз журналистикасының сақталуына осы адамдар ықпал етіп отыр деп санайды. «Мықты, сенімді, кәсіби журналистерге қарап осылай деймін. Олардың еңбегін, жазып жатқан дүниелерін көрген кезде, нағыз журналистер қазір де бар екен ғой, демек әлі үміт бар деген ой келеді», – дейді ол.

Көп жыл бойы осы салада жұмыс істеген Әлия журналистикадағы репрессивті заңдар мен мемлекеттік тапсырыстың «қаржылай қысымы», шағын нарық сияқты шектеудің барын біледі, алайда мұндай мәселе бізде ғана емес дейді. Оның айтуынша, біраз елде журналистер өз қызметіне байланысты шектеу мен қысымға ұшырап жатады. Алайда «шындықты айту миссиясын орындау» кезінде жеке басына қатер төнсе де соңына дейін осыншалық ауыр жүкті арқалап шығатындар бар. Бірақ бір журналистке қысым көрсетіліп, екіншісіне қысым жасалмаса, жалпы жағдай «тұрақты» деп саналады. Журналистерге тренинг өткізу жеткіліксіз. Соңғы кезде фейктердің қаптап кетуі ақпаратты тұтынушылардың сауаттылығын арттырудың маңызы жайлы ойлантып тастады. 2017 жылы Сорос-Қазақстан қоры бағыттарының бірі манипуляция мен дезинформацияға қарсы күрес болды да, екі тілде хабар тарататын, құрылуына MediaNet ұйымы септескен, фактілерді тексерумен айналысатын Орталық Азиядағы тұңғыш сайт – FactCheck.kz ашылды.


Бір жылдан аз уақыт ішінде сайт Халықаралық фактчекинг желісінің (IFCN) мүшесі болды. «Жоба жеті ай ішінде осындай үлкен нәтижеге қол жеткізіп, келер жылға жоспарланған жұмыстарға уақытынан бұрын кіріскені керемет емес пе?!», – деп қуанады үйлестіруші.

Әлия «жобаның үлкен миссиясы» өтірік пен манипуляцияны әшкерелеу емес екенін айтады. «FactСheck.kz – фактчек теориясымен, ақпаратты қабылдау психологиясымен жұмыс істейді. Ол үнемі жаһандық кәсіби диалогқа қатысып, фейктердің жаңа түрлерін тауып, оларға қалай қарсы тұру керектігін зерттейді, фактілерді жаңаша әдістер арқылы тексеріп, оны қазақстандық редакцияларға ұсынады», – деп түсіндірді ол.

«Соңғы жылдары қоғамда ақпаратты тексеру мәдениеті қалыптаса бастады. Дезинформация ағыны үлкен және WhatsApp-тағы кез келген қисынсыз нәрсеге сенетін адам көп. Бұл қауіпті. Мұндай қоғамды оңай басқарып, қалаған нәрсеңді істетуге болады.

Сыни ойлау қажеттігі айқын, бірақ алдымен мына нәрсені анықтап алуымыз керек: журналистердің қызметіне кедергі келтіру, негатив ақпараттарды 30 пайызға азайту сияқты шулы бастамаларды көтеру арқылы контентті бақылау (негізі мұның өзі манипуляция) және проблемаларды мойындап, бүкпесіз, дер кезінде диалогқа шығуды үйренеміз», – дейді бағдарлама үйлестірушісі.

Ақпарат саласының проблемалары мұнымен шектелмейді. Негізгі мәселе – цифрлық ортада жеке бас деректерін қорғау, жеке өмірге қол сұқпаушылық және сол сияқты басқа да адам құқықтарына қатысты мәселелер. Сондықтан 2019 жылы «БАҚ-ты қолдау» бағдарламасы Ақпараттық бағдарламаға айналады. «Қазақстанда бұл салада жұмыс істейтін адам аз. Біздің қағидамыз да сол – басқа ұйымдар әлі жеткілікті назар аудармаған тақырыптармен жұмыс істеу», – дейді Әлия.

__________________________
ВИКТОРИЯ ПРИМАК

«Құқық қорғаушылардың жаңа буыны» стипендиялық жобасының түлегі
___________________


Құқық қорғаушы болуды ешқашан мақсат тұтқан емеспін, бірақ үш жылдан бері трансгендер адамдардың құқықтарымен айналысатын Alma-TQ бастамашыл тобында ерікті болып жүрмін. Өзім трансгендер әйелмін. Сорос-Қазақстан қорының бұл жобасы – өмірімде бұрын-соңды болған ең керемет тәжірибе.

Алғашқы кездесу есімде. Бәріміз танысып жатырмыз, бірі: «Мен заңгердің оқуын бітіргенмін», енді бірі «Мен адвокаттың көмекшісімін» деді. Мен тұрдым да: «Мамандығым бойынша киім дизайнерімін» дедім. Бәрі бұрылып маған қарады! Қорқып кеттім. Шынымды айтсам, қайда тап болғанымды білген де жоқпын. Бұрын «Өзің білмейтін нәрсе туралы қалай 40 бет жазуға болады?» деп ойлайтынмын. Бір жыл ішіндегі тренинг арқылы бұрын адам құқықтары туралы ештеңе білмей келгенімді түсіндім.


Қазір барлығын тренингтер кезінде үйреткен нәрселердің өлшеміне салып қараймын. Бағдарлама маған құқықтарымның сақталуын талап ете алатындай сенімділік берді. Қазір қай заңға сілтеме жасауды, қай жерде нені талап ету керегін, жағдайды өзгерту үшін кімге хат жазуға болатынын білемін, солай етіп те жүрмін.
Жуырда бұрыннан бері барып жүрген банк шотымдағы қаржыны бермей қойды. Еш ойланбастан алдымен полицияға, сосын сотқа бардым.

Осы жобаға дейін зерттеумен айналысып көрген емеспін. Ақпарат іздеу процесі шабыт берді. Мемлекет өзінің қандай міндеттерін атқармай жатқанын білу тіптен қызық болды! Еңбек құқығын зерттеу тақырыбым етіп алдым. Өршіп тұрған трансфобияның кесірінен таныстарым мен достарымның көбі өздері қалаған жұмысқа орналаса алмай жүр. Жұмыс беруші трансгендер адамды жұмыстан оңай шығара салады және мұнысы үшін оған ешкім ештеңе істей алмайды. Заңнамада жыныстық ерекшелік қорғалатын белгі ретінде көрсетілмейді. Конституцияда мұндай белгі бар, бірақ еңбек кодексі мұны есепке алмаған.

Таң қалуларыңыз мүмкін, бірақ ең трансфоб – мемлекеттік органдар екен. Халыққа қызмет көрсету орталығы, мәселен, қандай да бір қызметті трансгендер адам атқарғанын елестете де алмайды. «Бұл дұрыс емес», «Құранға қайшы», «Ұжымға сіңісе алмайды» дейді. Ал жедел тамақтану желілерінің бірінде істейтін, маған құдайға сенетіндей көрінген басқа бір адам «Ең бастысы, адам жұмысты жақсы істесе болды» деді.

Трансгендер адамдар үшін құқықтарының бұзылуы қалыпты жағдай. Олар қорқып қалған. Мұның дұрыс емесін бұрыннан білетінмін. О баста-ақ маған жеңіл қарамауын талап еткендіктен өзіме ешкім олай қараған емес. Бір байқағаным, адамдарға осыны ешбір агрессиясыз, ашуланбастан күліп айтсаң, басқалардың да реакциясы сондай болады.

Alma-TQ жобасына дейін іс-шараларды ұйымдастырумен айналысып жүретінмін, адам құқықтары туралы ойланған да емеспін. Қазір мемлекет деңгейінде құқық қорғау туралы ойлана бастадым. 5 жылға арналған адвокациялық стратегия жасап шықтым. Сыртқы істер, Денсаулық сақтау министрліктерімен байланыса аламын. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің қабылдауына да жазылғым келеді. Бұрын «адамдарға қолыңнан келгенше көмектессең, өмірлері жақсарады» деп ойлайтынмын. Қазір қанша көмектессең де, заң мен мемлекет барын, шешім қабылдайтын адамдармен жұмыс істеу керегін түсінемін.
Біздің бастамашыл топтың жұмысы гендерлік тану рәсімін өзгертуге бағытталған. Заңда «трансгендер адамдарға құжаттарын өзгертуі үшін міндетті хирургиялық гениталдық түзету жасауы тиіс» делінген. Ең қызығы – бұл норма, тіпті, медициналық диагнозға қарамайды да! Біз нені өзгерте алдық? Денсаулық сақтау министрлігімен байланыс орнатып, процедураны өзгертетін жұмыс тобын құруға септігімізді тигіздік және құжаттарды алу үшін хирургиялық түзетулер бұдан былай талап етілмейтіндей толықтырулар мен өзгертулерді дайындадық.

Қазақстан аурулардың халықаралық жіктемесін 11-рет қайта қарай бастағанда гендерлік танудың барлық рәсімі өзектілігін жоғалтады. Себебі аурулардың халықаралық 11-жіктемесінде «транссексуализм» диагнозы жоқ. Ол психикалық ауру санатынан кетті. Әзірге бізде осы диагнозбен бала тууға не асырап алуға, әскерде қызмет етуге және құқық қорғау органдарында жұмыс істеуге болмайды. Бұл диагноз бір рет және өмір бойына қойылады.


Шынымды айтсам, өзімді құқық қорғаушы санамаймын. Бұл шаруа өмірімнің кәдімгі бір бөлшегіне айналып кетті. Белсенділікке уақытымның 80 пайызын арнап жүрмін десем болады. Қазақстандағы трансгендер адамдардың құқықтарымен жұмыс істейтін әзірге жалғыз өзім шығармын. Осы шаруамен бес жылдан соң да айналыса беремін деп ойлаймын. Бұл мәселеге мемлекет деңгейінде ғана емес, шығармашылық арқылы да назар аудартуға болады ғой. Әйелдер құқығы тақырыбына арналған киімдер топтамасын жасау жоспарымда бар.
«АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ»
Айжан Ошақбаева, бағдарлама үйлестірушісі
Адам құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысты күшейтуге бағытталған бағдарлама еліміздің көптеген құқық қорғау ұйымдарының қызметін және олардың осы саладағы мәселелерін шешу бастамаларына қолдау көрсетеді. Осы бағдарлама аясында құқық қорғаушылардың жас буынын дайындау жобасы жұмыс істейді. Бұған қоса, қор қызметкерлері республикада адам құқықтарын қорғау құндылықтарын нығайтудың жаңа формалары мен тәсілдерін белсенді түрде дамытып жатыр.
Біз ұйымдастырған көрмелерден соң ең болмаса бір адам өз құқықтарының бұзылғаны туралы ойласа, бұл үшін Сорос-Қазақстан қорына алғыс айтамыз

Гаухар Сәтпаева, Artmeken gallery
_____
2019 жылы «Құқық қорғаушылардың жаңа буыны» стипендиялық бағдарламасы өзінің бес жылдығын атап өтеді. Ал 2018 жылы жоба маңызды межені еңсерді – жоба аяғына дейін алғаш іріктелген 20 қатысушының 10-ы жетті. Бағдарлама үйлестірушісі Айжан Ошақбаева өткен жылдары 6-7 адам өтіп жүргенін, бірақ соңғы топ «барлық сынаққа төтеп бере алғанын» айтады. «2018 жылғы түлектер ерекше батыл. Оларға азаматтық-саяси құқықтар сияқты нақты бір тақырыптар қызық», – дейді ол.

Жоба – адам құқықтары бойынша кәсіби білім беру бағытындағы түрлі тәсілдердің қосындысы. «Біздің міндетіміз – енді бастап жатқан құқық қорғаушыларға қажетті дағдыларды үйретіп, білім беру, көмектесіп, қолдау көрсету, кәсіби құқық қорғау ұйымдарымен таныстырып, олармен байланысып тұруына жағдай жасау», – дейді Айжан. Оның сөзінше, жобаның негізгі миссиясы – әрбір қатысушының өзі жүргізген зерттеу негізінде адвокациялық стратегиясын әзірлеу.


Сорос-Қазақстан – ашықтығымен үлгі болатын аз институттардың бірі. Бұл үкіметтік емес ұйым өкілдерін институционалдық негізде қолдайтын Қазақстандағы жалғыз қор. Ең бастысы қызметкерлер тікелей осы салада жұмыс істеп, адам құқықтарының ахуалын ұдайы бақылап отырады

Роза Акылбекова,
Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан Халықаралық бюросы

____________________



«Адвокация мақсаты мәселені шешу емес. Оның көздегені – мәселе жүйелі түрде талқыланып тұратындай етіп, мемлекетке шешу жолдарын ұсыну. Жобадағылар өзінің адвокациялық стратегиясын не оның кейбір компоненттерін іске асырғанда оның стипендиялық жобаға қатысуы аяқталды деп есептеледі», – дейді Ошақбаева.

Жоба жыл өткен сайын дамып келеді, бірақ Айжанның «көңілі тоқ емес». Оның пайымдауынша, қатысушыларды адвокациялық қабілеттерге бейімдеу жағынан алғанда жобаның әлі де жетілдіретін тұстары бар.
3
Екі жылда Қазақстандағы адам құқықтарының ахуалы бойынша баламалы есепке қолдау көрсетілді
Жоба уақыты университеттегі академиялық оқудың бір жылына тең, ал Сорос-Қазақстан қоры – құқық қорғау ісін оқуға мүмкіндік беретін аймақтағы жалғыз ұйым.

Қор командасын «жас құқық қорғаушылардың кішкентай жетістіктері» қанаттандырады. Жыл сайын түлектер өздерінің мониторингтік зерттеулеріне қарай орта есеппен 3-4 адвокациялық жоба бастамасын көтереді. Бірақ 2018 жыл жоба үшін ерекше болды. Себебі жас құқық қорғаушылар Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары жөніндегі кеңесі үшін Әмбебап кезеңдік шолу шеңберінде Қазақстандағы адам құқықтарының жекелеген салалары бойынша өзінің коалициялық баламалы баяндамасын дайындауға кірісті.

«Әр жылдары жобадан түлеп шыққан жастар құқық қорғаушылардың бұған дейін айтқандарына жаңа көзқараспен қарауға және БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне адам құқықтарының салалары бойынша ұсыныстар жасауға тырысып жүр. Жас құқық қорғаушылар командасы сапалы баяндама дайындап, оны Женевада жоғары деңгейде таныстырады деп үміттенемін», – дейді Айжан. Оның пікірінше, бұл «Құқық қорғаушылардың жаңа буыны» жобасының бес жылдық мерейтойына тамаша сый болар еді.
«Адам құқықтары» бағдарламасының негізгі мақсаттарының бірі – құқық қорғау ұйымдарын қолдау. «Қазақстанда адам құқықтары саласында сын-қатер тым көп, серіктестеріміз жағдай одан әрі нашарлап кетпеуі үшін барын салып жатыр, бірақ, өкінішке қарай, көп нәрсе олардың қолында емес», – дейді Айжан Ошақбаева.

Сорос-Қазақстан «әріптестік қатынас» ұғымын шын мәнінде ұстанады, олармен жұмыс «теңдік» қағидасына негізделеді
Татьяна Зинович, Құқықтық саясатты зерттеу орталығы
««Бірақ олар үміт үзбейді, – дейді жоба үйлестірушісі. – Соңғы екі жылда құқық қорғау ұйымдары біздің қолдауымызбен адам құқықтарының түрлі салаларында, мысалы, мүгедектігі бар адамдардың құқықтары, өмір сүру құқығын сақтау, білім алу құқығы бойынша бірқатар мониторингтік зерттеу дайындады.
Бұл зерттеулер шаң басып қалмай, проблемаларды нақты шешуге негіз болады. Өз басым «Адам құқықтары» бағдарламасы мен серіктестердің осы саладағы аса нәзік мәселелерін талқылауға бастама көтеріп, бұл талқылауды қоғамдық пікірталасқа ұластырғанын мақтан тұтамын. Мұны адам құқығы құндылықтарын алға жылжыту деп санаймын».

Бұған қоса соңғы жылдары бағдарлама адам құқықтары құндылықтарын ілгерілетуде жаңа тәсілдерді белсенді түрде сынап көріп жатыр. Қазір бұл тақырыпты таратудың көп әдісі бар. Яғни, жаңа технология, коммуникация арналары, заманауи өнер тілі. 2017 жылы Сорос-Қазақстан қорының серіктестері Орталық Азиядағы адам құқығы туралы тұңғыш жартылай көркем «Кеңес-Life» сериалын, ал 2018 жылы осы тақырыптағы Қазақстандағы бірінші мобильді қосымшаны және тарихи жады туралы «Өшпес естеліктер» деп аталатын бірнеше подкасты таныстырды.

_________________________

2017-2018 жылдары жарқын оқиғалар – әйелдер құқығын қорғау мақсатындағы «Әйелді аяла» ақпараттық кампаниясы мен 10 желтоқсанда ARTMEKEN галереясында Дүниежүзілік адам құқықтарына арналған заманауи өнердің екі көрмесі өтті. Бұл жобалар қордағы үш бағдарламаның – «Адам құқықтары», «Жаңа азаматтық бастамалар» және «БАҚ-ты қолдау» ынтымақтастығы нәтижесінен туды.

_____________________




_____________________________________________
«Осы жобалар арқылы біз мейлінше көп қазақстандыққа адам құқығын сақтаудың маңызы туралы айтуға тырыстық. Мысалы, «Әйелді аяла» кампаниясы жыныстық білім беру, еркінен тыс ерте неке құру, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық және зорлық құрбандарының өздері бастан өткерген жайға көз жұма қарауы, әйелдердің саяси белсенділігі сияқты тақырыптарды көтерді. Бұл тақырыптардың көбі – дәстүрлі қоғамда табуға айналған. Бірақ үндемей қоя салсаң, мәселе шешілмейді, керісінше ушығып кетеді», – дейді ол.

«Біздің көмегімізбен серіктестеріміз трендтер қалыптастырып, кей мәселелерді алғаш көтерген адамдардың бірі болды. Жоғарыдағы мәселелер кейін тұрақты түрде талқыланып, қандай да бір ұйымның ұдайы көтеретін тақырыбына, мемлекет күн тәртібінің бір бөлшегіне айналып жатыр. Осыны мақтана айтамын», – деді Айжан.



__________________________
ҚУАНЫШ ОҢАЛБАЕВ

Open Budget Fellowship бағдарламасының түлегі, ұйымдастырушысы және тренері
___________________





Бағдарламаға қатысқанға дейін өмірім қоғамдық сектормен мүлде байланысты емес еді. Экономикалық білім алған мен «Самұрық-Қазынаның» еншілес компаниясында банктермен байланыс орнату, пайданы барынша көбейту, жоспарлау сияқты таза коммерциялық шаруалармен айналыстым.
Ой-өрісімді кеңейтуге тырысып, бір жағынан жобаға қызығып қатысуға өтініш білдірдім. Мемлекеттік бюджет тақырыбы маған таңсық емес, бірақ осыған дейін де бұл салаға ерекше қызығушылық танытып көрген емеспін. Бағдарлама санамды өзгертіп жібергені сонша – автобуста бір аялдамадан соң түссем де, билет талап ететін болдым.
Алғашқы жылы ашық деректер арасында қолжетімді мәлімет көп, бірақ маман жоқ екенін ұқтым: мәселен, Қазақстанда мемлекеттік бюджетті сараптауға ғана ден қойған Zerтteu Research Institute сияқты үкіметтік емес ұйымдар өте аз. Екіншіден, Ұлттық қордағы қаражат біз ойлағандай көп емес екеніне көзім жетіп, таңқалдым. Бюджетті дұрыс талдасаң, кез келген салада мықты өзгеріс жасауға болатынын түсіндім. Кез келген бюджеттік ақпаратты сұратуға болатыны да мен үшін жаңалық болды.

Зерттеу тақырыбым ретінде футболды таңдадым. Себебі өзім спорт мектебін бітіріп, футболмен кәсіби түрде айналыстым және барлық қазақстандық клуб мемлекет бюджеті есебінен қаржыландырылатынын білетінмін. Клубтың орташа жылдық бюджеті – 2 млрд теңге, ал ойыншының орташа жалақысы – айына 10 мың доллар екенін анықтадым. Мұның бәрін әкімдіктер қаржыландырады. Клубқа бір футболшыны тарту үшін 500 мың доллар төлеген кездер де бар. Әлгі футболшы командада бір жыл ойнап, кетіп қалды. Мемлекет инфрақұрылыммен қамтамасыз етуі тиіс, ал біз базамыз жоқ бола тұра қымбат футболшыларды сатып аламыз. Бұл шамамен өте қымбат көлік сатып алып, оны ауылда айдап жүргенмен бірдей. Футболшылар келеді, бірақ деңгейін көрсете алмайды, себебі олар мектеп алаңдарында ойнайды. Өкінішке қарай, өзімнің адвокациялық кампаниямды соңына дейін жеткізбедім. Биліктің қаржыландыру қағидаларын қайта қарап, инфрақұрылымға, балалар футболына назар аударылғанын қаладым. Бірақ бұл – өте нәзік әрі күрделі тақырып.

Курс аяқталған соң мені Шолпан Әйтенова Zertteu Research Institute командасына қосылуға шақырды. Ақыры тиісті уақытта қажетті орынға тап болдым. Әрине, негізгі жұмысымнан кетпес бұрын біраз күмәндандым, бірақ осы жоба өзіме қызық болды. Барлық ойлағанымды жүзеге асыруға мүмкіндік туғандықтан, мұны алға жылжу деп қабылдадым.

Нәтижесінде жақсы команда құрылды: Шолпан – мемлекеттік бюджет саласында 15 жылдық тәжірибесі бар кәсіби маман. Ол ауқымды стратегиялық мәселелермен айналысады, мен операциялық қызметке жауапты болдым. Міндетім деректерді жылдам өңдеу мен таныстыру еді. Бұған қоса, коммерциялық секторда жұмыс істеп жүргенде үйренгенімнің бәрін қоғамдық ұйымдар секторына да көрсетуге тырысамын. Қоғамдық сектор сарапшыларға, технологияға мұқтаж. Сондықтан да аздап артта келеді.

Open Budget Fellowship (OBF), шынымды айтсам, көп уақытымды алады. 2017 жылы алғашында курсымыз қор арқылы өтті, ал екінші жылы бізді еркімізге жіберді. Контентті толтырумен өзіміз айналыстық, бәрін басынан бастауға тура келді. Алдымызда бюджет сияқты күрделі әрі ішпыстырарлық тақырыпқа бағытталған қызықты контент жасау міндеті тұрды. Биыл біз үшін оңай болады деп ойлаймыз, өйткені бізде база және фундамент бар.

Бағдарламаның негізгі идеясы – мемлекеттік органдар мен қоғам арасында сапалы диалог орнату, екі тарап бір тілде сөйлесіп, билік адамдарды тең деп қабылдауы үшін түлектерімізді сауатты сұрақ қоюға үйрету. Спикер ретінде өткен жылғы тренингтерге мемлекеттік органдардан 5-6 адам келді, олар қатысушылардың деңгейіне риза болды.

Бірнеше түлегімізді зерттеу тақырыбына байланысты мәселені талқылау үшін жұмыс топтарына қосылуға шақырды. Еңбегіміз еш кетпегеніне қуандық. Жұмыстың басым бөлігіне оң баға берілді. Біз осы зерттеулерді дайындау процесіне тікелей араластық: мен Excel-де түсінбейтін адамдармен қосымша айналыстым. Биыл 3-4 қатысушы бекітілетін менторларды тренингілерге тартқалы жатырмыз.

Сорос-Қазақстан қоры сияқты ұйымның болғаны жақсы болды, себебі ашықтық пен есептілікті мақсат тұтқан қандай да бір қозғалыс бар. Негізі бұл мемлекеттің айналысатын шаруасы еді, өйткені халықаралық сарапшылар: «Мемлекет деректерді ашуға жұмсайтын әр доллар оған бес доллар боп кері қайтады» деп есептейді. Өйткені ашық деректер – адамдарға ғана емес, бизнес үшін де керек.

Идеям – істеп жатқан тірліктерімнен көп. Командамыз өзін үнемі бір нәрседен қалып бара жатқандай, әлденені соңына дейін істемей жатқандай сезінеді де тұрады. Біз тек Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда да мойындалған үздік ұйым ретінде танылғымыз келеді. Айтпақшы, бізге Тәжікстан мен Қырғызстаннан Open Budget Fellowship сияқты білім беру бағдарламасын өткізу туралы өтініш келіп түсті.
«АШЫҚТЫҚ
ПЕН ЕСЕПЕІЛІК»
Асқар Кәшкінбаев, бағдарлама үйлестірушісі
Бағдарлама мемлекеттік қаржыны басқару процестерінде ашықтық пен есептілікті қамтамасыз етуге бағытталған. Қойылған міндетті іске асыру үшін қор серіктестерімен бірге осы саладағы сарапшылар мен белсенділердің жаңа буынын дайындайды. Қазақстан бюджетті басқару саласында әлемдік стандарттарға сай болуы үшін ұсыныстар әзірлейді және түрлі өңірдегі азаматтардың бюджет процесіне қатысуына қолдау көрсетеді.
«Үш жыл бұрын бюджеттің ашықтығы бойынша жаңа сарапшылар жоқ екенін байқадым. Қазақстан ұлттық бюджеттік желісі мүшелерінен «Неге қосымша күш тартпайсыздар?» деп сұрадым да, жаңа буынды қордың өзі дайындауы керектігін түсіндім», – деп еске алады бағдарлама үйлестірушісі Асқар Көшкінбаев. Қазір ол сол кезде қабылданған шешімнің дұрыстығына шәк келтірмейді: екі жылдан соң бюджеттік ашықтық саласындағы сарапшылар қатарына жас мамандар қосылды. Қордың негізгі серіктесі – Zertteu Research Institute қоғамдық қоры мен оның директоры Шолпан Әйтенова.
Сорос-Қазақстан қорының бағдарламалары қоғам сұраныстарын қанағаттандырып, уақытпен ілесе өзгеріп отырады. Әрбір адамға жетіп, өте тиімді жүзеге асырылады

Шолпан Әйтенова, Zertteu Research Institute





___________________




2017 жылы бюджет сауаттылығы бойынша курсқа дәріс оқу үшін мамандар сонау Мексикадан келетін. Бірақ 2018 жылы Асқар жоба шығындарын оңтайландырып, тренингілерді Қазақстан мысалында өткізуге бекінеді. «Өйткені қатысушыларға шетелдің мысалдарына қарағанда Қазақстандық жағдай таныс болды. Бір жағынан Павлодар облысындағы мемлекеттік бағдарламаның тиімділігі Алматы облысындағы жағдайдан аса бір өзгеше емес екенін білесіз ғой», – дейді ол.

2018 жылғы тренинг қатысушылары өздері жүргізген зерттеулер нәтижесін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне таныстырды. «Залға кірдім де, шынымды айтсам, абдырап қалдым. Агенттік төрағасының орынбасары жиынның соңына дейін барлық 18 презентацияны тыңдап отырды. Барлық министрлікті, елшілікті шақырды, телеконференция арқылы аймақтарды қосты. Мұндай тамаша ой агенттік пен Zertteu Research Institute серіктестерінің бастамасы еді», – дейді Асқар.
Іс-шарадан соң барлық өңір көтерілген мәселелерді шешуге тапсырма алды.
Жоба үйлестірушісі «бүгінде Сорос-Қазақтан қоры – мемлекеттік бюджет ашықтығы саласында қазақстандық жас сарапшылар әлеуетін мақсатты түрде дамытып жатқан жалғыз ұйым» деп қынжылады.
2017 жылы Асқар бюджет ашықтығы тақырыбын әйгілендіру үшін ерекше бір идея ұсынады. Ол OBF-тің бас тренері Шолпан Әйтеновадан жас айтыскерлердің бюджет бойынша «сауатын ашуды» сұраған. «Республикалық бюджеттің жергілікті бюджеттен не айырмашылығы барын, мемлекеттік бюджет не екенін, Ұлттық қор, мемлекеттік қарыз деген не екенін түсіндіру үшін тренингтер өткіздік», – дейді үйлестіруші. Жас өнерпаздар бұл идеяны қуана қабылдап, қызу дайындық басталды. Екі концерт залы осындай ерекше іс-шараны өткізуге дайын екендерін жеткізді.

Алайда айтысқа бір апта қалғанда бәрін тоқтатуға тура келді. Өйткені зал басшылығы «Астанадан келген шұғыл іс-шара» барын айтып, жалдау ақысы деп берілген қаржыны қайтып берді. Ертең ақындардың бірі биліктен бюджет ашықтығын талап ете бастайды деп ойлаған шығар. Өкінішке қарай, «бюджет тақыбырында» айтыс өткізбедік. «Бұл үкіметке аса оңтайлы тақырып емес екенін түсіндік», – дейді Асқар Көшкінбаев.

Осы бір сәтсіздік болмаса, өндіруші салалар ашықтығы бағытындағы қордың көпжылдық жұмысы біраз нәтиже көрсеткен. «Өндіруші салалар ашықтығы бастамасының елге келуіне және Қазақстанның қосылуына Сорос-Қазақстан қорының мұрындық болғанын бәрі біледі», – дейді Асқар. Соңғы екі жыл Сорос-Қазақстан үшін осы саладағы қорытынды кезең болды. Бенефициарлық құқыққа (компаниялардың түпкі иелерін мәлім ету міндетіне) қатысты екі жоба қордың «ақырғы штрихтары» деп саналады. «Біз бірі – заңнаманы талдауға, екіншісі – өңірлік деңгейде пікірталастар өткізуге бағытталған екі грант беруге бекіндік», – дейді ол.

Соңғы екі жылда өңірлік деңгейде де әлеуметтік аудит және жергілікті өзін-өзі басқару тәжірибесін дамыту бойынша жұмыстарды жалғастырдық. «Бізге төмен активизммен жұмыс істеу өте маңызды. Шын мәнінде, адамдар «бөлінген жауапкершілік» идеясын түсіне бастады. 2019 жылы жергілікті қауымдастықтардың жобаларын көбейтіп, оларды қаржылай қолдау үшін конкурс жариялаймыз. Себебі идеяны көбіне үлкен қалалардан аламыз», – деп жоспарларымен бөлісті Асқар.

Бірақ қордың көздеген аудиториясы – өңірлерде тұратын халық қана емес. 2018 жылы Сорос-Қазақстан қоры Қазақстанға Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) сарапшыларын әкелді. Олар бюджет пен жергілікті биліктің ашықтығы саласындағы тәжірибесін бөлісті.

Қор бұдан бұрын Қазақстан жайлы есептер «шыншыл» болуы үшін ЭЫДҰ мен отандық үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесулер ұйымдастыра бастаған. «ЭЫДҰ үкіметпен кездесуінде қоғамдық ұйымдарға қатысты ұсыныстарын айтады. Сол арқылы үкіметке ықпал ете алатындай ерекше амал таптық», – деп жымия баяндайды Аскар.
СҚО-ДА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖОЛДЫ ЖӨНДЕУГЕ ӘЛЕУМЕТТІК АУДИТ ЖҮРГІЗІП,
75
ШАРШЫ МЕТР АСФАЛЬТТЫҢ ЖӨНДЕЛМЕГЕНІН АНЫҚТАДЫ;
____________________________

БҰЛ ФАКТІ БОЙЫНША

1
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ


Қазақстандағы қоғамдық ұйымдардың деңгейі тұралап тұр. Сорос-Қазақстан қорымен серіктестік барыcында жүйелі жұмыс істеуді үйрендік, грант аясындағы барыңды салып істеген жұмыстар өз нәтижесін беретініне көзіміз жетті. Армандар орындалады екен ғой деген үміт пайда болды


Мейрамбек Камалов, ЖСДП

Сорос-Қазақстан қорын саналы әрекеті мен бірізділігі үшін бағалаймыз. Біз күрделі әлеуметтік мәселелерді шешуге тырысамыз, бірақ оған біраз уақыт керек. Ал қордың қолдауымен біз бар күш-жігеріміз жинап, бірнеше жыл бойы нақты бір проблемамен айналыса аламыз, біліктілігімізді арттырып, бір-бірімізбен жақсы әріптестік үйренеміз, ақыр аяғында жұмылған күш-жігеріміз нәтижесін береді

Сергей Худяков,
Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институты

____________________

________________________________

Енді қор жаңа бағытты – мемлекеттік сатып алу саласындағы ашықтықты қолдай бастайды. Бағдарлама үйлестірушісінің айтуынша, коррупциялық мемлекеттік сатып алуды мониторингілеудің және анықтаудың «Око» атты тамаша жүйе барын айтады. Асқар «Око» жүйесін көпшілікке қолжетімді етуге болады дейді.

«Сорос-Қазақстан қоры мұны қолдайтын болса, мүдделер қайшылығы пайда болады, сондықтан краудфандингімен ақша жинау идеясын ұсындым. Осы саланы ашық ету үшін өз қалтамнан 50 мың теңгені қуана-қуана берер едім. Бұған бей-жай қарамайтын адамдар идеяны қолдайды деп сенемін», – дейді жоба үйлестірушісі.
Асқар бюджеттік ашықтық саласында ілгерілеу барына риза, бірақ есеп беру, визуализация, талдау және ақпаратты жеткізу тұрғысынан әлі де көп нәрсе істеу керек деп санайды. «Ашықтықтан есеп беруге біртіндеп келе жатырмыз деуге болады», – дейді ол.

_________________________
ҚАРЛЫҒАШ ҚАБАТОВА

қоғамдық саясат саласындағы жас зерттеушілерге арналған бағдарлама түлегі
___________________



Өмірімнің 34 жылында алғаш рет жаныма жақын саланы – гендерлік және жыныстық ағарту тақырыбын тапқандаймын. Бұл салада маман аз, сондықтан қазір істеп жатқан шаруаларымның маңызы зор. Жыныстық білім беру бойынша 10-20 жылда ешбір зерттеу болған емес. Осы салада жүріп, өзімді жаңа дүние жасап жүргендей сезінемін. Ең бастысы – бұл мәселеге бей-жай қарамаймын. Пакеттен табылған нәрестелер туралы жаңалық көре беріп, шыдамым таусылды.


2016 жылы бағдарлама аяқталғаннан соң, бізге қайтадан басқа бір тақырып таңдап, грантқа тапсыра аласыздар деген кезде «Қоғамдық саясат» бастамасы бойынша әріптесім әрі досым екеуміз ерте жүктілік тақырыбымен айналысуға бекіндік. Бұл проблеманың жыныстық ағартушылық жетіспеушілігіне байланысты екенін түсінетінбіз. Тереңірек зерттеп, білім беру жүйесінде осы сала бойынша бірдеңе бар-жоғын анықтамақ болдық. Бірақ ештеңе таппадық.
Бағдарлама түлегі ретінде Вашингтонға барып, осы тақырыпты зерттеуді жалғастырдым. Сонда жүріп жыныстық және репродуктивті денсаулық бойынша бейресми ақпарат көздері бар-жоғын іздедім. Тағы да ештеңе таппадым. Инстаграмда келіндерге арналған біраз аккаунтқа жазылдым. Бірдеңе талқылайтын шығар деп ойлағанмын, бірақ олай болмай шықты. Сонда ғана «демек, ақпарат көзін өзіме құру керек екен ғой» деген ой келді. Сорос-Қазақстан қоры бағдарламасының маңызы зор. Онсыз мен 2018 жылдың маусымында веб-сайтымды аша алмас едім.

Қор бағдарламасының бір ерекшелегі – академиялық емес, қолданбалы зерттеулер жүргізуді үйретеді. Нақты бір мәселенің шешу жолын іздейсің. Бұл өзім үшін жаңа нәрсе болды, қатты ұнады. Бізге керегі де осы еді.

Алда Сорос-Қазақстан қорының гранты бойынша тағы бір зерттеу жүргізу жоспарым бар. Жасөспірімдерден, ата-аналардан, түрлі сала сарапшыларынан жиналған фокус-топтармен мектептерде жыныстық білім беруді қалай енгізу керектігі туралы кеңесемін. Жасөспірімнің ақпаратты қалай, қайдан алғысы келетінін анықтау қажет. Бәріміз жасөспірімдерді тәрбиелегіміз келеді, бірақ оларға ешкім құлақ аспайды. Меніңше, олар өздерін тым дәрменсіз сезінеді. Жасөспірімдер арасында суицидтің көп болуы да осыдан шығар.

Бұл зерттеуді жүргізуді қатты қалаймын. Ғайыптан мектептерімізге жыныстық сауаттылық пәнін не курсын енгізсе, жасөспірімдер ерте жыныстық қатынастан «саналы түрде бас тартар» еді. Әзірге мұны дінмен реттеп жүр. Ешбір ғылыми факті айтпайды, контрацепцияның не екенін түсіндірмейді, тек «тойға дейін жыныстық қатынасқа түсу – күнә» дейді. Бағдарламада мүмкіндіктер терезесі дегенді күтіңіздер деп үйретіп еді. Мүмкіндік пайда болғанда қолыңда дайын бірдеңе болуы керек. Енді, міне, биыл Жастар жылы болғандықтан шынымен пайдалы бірнәрсе істейміз деген үміт бар.

Мені Алматыда Tedx-ке, жазда Петропавлға, ЖасКэмпке, қыста Астанада өткен кәсіпкер әйелдер саммитінде сөз сөйлеуге шақырды. Жасөспірімдерге жыныстық ағарту мен репродуктивті жыныстық денсаулық деген не екенін, оның не маңызы барын айттым. Гендерлік мәселелер туралы да – көшеде қыздарға олар қарсылық білдірсе де тиісу, зорлау, алып қашу сияқты әрекеттер жайына келгенде үндемей тұра алмаймын. Бұл да – жыныстық ағартудың ажырамас бөлігі. Негізі өзім сөйлескен белсенді жасөспірімнің бәрі менің айтқандарыммен келіседі. Біз мұнда өз әлемімізде жүргенде бәрі сондай саналы, ақылды көрінетін шығар, бірақ шын мәнінде көп адам гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы емес, мұны қалыпты санайтындар көп.

Мен сондай-ақ PaperLab пікірталас алаңын ұйымдастырушылардың бірімін. Бұл маған несімен қызық? Біз әртүрлі өзекті тақырыптарды талқылаймыз. Қарапайым адамдар, зерттеушілер мен саясатқа ықпалы бар адамдар келетін мұндай талқылаулар өте маңызды. Сөйлесіп, бір-бірімізге ақпарат бермесек, зерттеу жүргізудің не керегі бар? Қоғамдық саясат елде не болып жатқанын есепке ала отырып қалыптасуы керек.

Өзімді жыныстық ағарту тақырыбының революционері санамаймын. Бұл туралы алғаш айтқан мен емес. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша үкіметтік емес ұйымдар осы тақырыпта сабақ өткізіп жатады. Бірақ, меніңше, бұл аса бір жақсы тәсіл емес. Үлкендер ұят деп, мұндайға қарсы шығады, балалар күледі. Бірақ балалар бекерден-бекер күлмейді, тақырып қалыпты көрінбегендіктен күледі. Жыныстық сауат туралы жиі айта берсек, біраз уақыттан соң таңсық естілмейтін болады. Мұны ұят нәрсе емес, денсаулық мәселесі деп қабылдау керек. Билік тарапынан ештеңеге қол жеткізе алмасам да, осы тақырыпты күнде айту арқылы адамдардың құлағын үйретеміз.
«ҚОҒАМДЫҚ САЯСАТ»
Бота Аязбаева, бастама директоры

Бастама жас сарапшыларды оқыту және олардың саяси-басқарушылық ұсыныстарын ілгерілету арқылы қоғамдық саясат саласын күшейтуге бағытталған. Ұсыныстар қолданбалы зерттеулерге негізделеді. Бастама аясында бірнеше тарапты қамтитын қоғамдық диалог орнап, азаматтар арасында мәселеге бей-жай қарамау мәдениеті дамиды.

Бастама директоры Бота Аязбаева стипендиялық бағдарлама басталғанда Қарлығаштың да басқа қатысушылар сияқты өзін табуға қанша күш салғанын жымия еске алады. Қарлығаштың жобасы қолдау тапқанымен, Ботаның өзі «бұл жобаның соңы сәтті аяқтала ма, жоқ па – білмеймін» дейді.

Бота қатысушылардың бәріне сенеді. «Жас зерттеушілердің алғашқы тобы мұншалық сәтті шықпаса, өзімнің ынтам мен қызығушылығым да бәсең болар ма еді? Қатысушылардың ынтасы мені әлі күнге дейін қанаттандырады», – дейді Бота.

ФСҚҚ-ның бір ерекшелігі – ол бәрі жүрген жолмен жүрмейді, жаңа бастамалар көтеріп, серіктестер қатарын кеңейтіп, қызмет ауқымын ұлғайтып жүреді



Серік Бейсембаев,
PaperLab

_____
Қоғамдық саясат саласындағы жас зерттеушілерге арналған бағдарламаға үміткерлерді іріктеу әдісі жыл сайын қатаңдап келеді. «Аймақтардан келетін үміткерлерге басымдық беруге тырысамыз деп ойладық, бірақ кейін бұл ойдан бас тарттық. Себебі бізге қатысушының бэкграунды болғаны маңызды. Бізден ең үздіктер үміткерлерді іріктеуді сұрайды», – деп түсіндіреді бастама директоры. Былтырдан бастап мұнымен арнаулы мамандар кеңесі ғана емес, «жол-жөнекей кіріп кеткен адамдарды» қатардан шығарып отыратын тематикалық менторлар да айналысады.

Қатысушының мотивациясы да маңызды. Бота төрт жыл қатарынан өтініш берген бір жас жігіт болғанын айтады. «Ақыр аяғында сол үміткер біз іздеген маман екеніне көзіміз жетті» дейді ол. Кейде керісінше, көп үміт күттірген кандидаттарымыз тексеру кезінде қынжылтып жатады. «Жап-жас «жұлдыз» кандидаттарымыз кез келген уақытта ештеңе айтпастан жобадан шығып кете салады» – дейді бастама директоры.

Сорос-Қазақстан қоры Қазақстанды дамыту бойынша өзекті және қызықты тақырыптардың ауқымды спектрі бойынша эксперттік талқылауларға қолдау көрсетеді, яғни қоғамдық саясат мәдениетін, қызу пікірталас, диалог, баламалы пікір мен шешімдерді іздестіруді қолдайды

Ерлан Смайлов,
«Кипр» аналитикалық тобы
____________________
««Біз сол екі ортадағы адамдарды іздейміз. Өздері үйреніп, өздері ізденгісі келетін адамдар бар, оларға аздаған қолдау көрсетсең жеткілікті. Әрекет етуге тиісті адамдар да бар, бірақ олар өте ұяң, жабық келеді. Ондай адам көп емес, оларды табуға біраз күш керек», – дейді Бота бағдарламасының мақсатты аудиториясын сипаттап жатып.


Ол адам еңбекқор әрі қандай істі қолына алғанын саналы түрде түсінсе, қор көп мүмкіндік береді. «Көпшілік алдына шығып сөйлеу, мақалаларыңды жариялаудан бастап зерттеу жобаларына қатысты ұсыныстар айту, тіпті, Джордж Вашингтон университетінде бес айлық тағылымдамадан өтуге дейін мүмкіндік береді. АҚШ-қа барып оқып келгендер, әрине, қатты өзгеріп келеді», – дейді Бота. Қор 2019 жылдан бастап АҚШ-қа жыл сайын тек бір адамды жіберуге бекінген.
Сонымен қатар қор өз түлектерін ғана емес, қоғамдық саясаттың кез келген саласында күш салып жүрген басқа да жас зерттеушілерді қолдауға дайын. Ботаның айтуынша, бағдарламаның мақсаты – ересек сарапшылардың монополиясымен күресу. Тәжірибелі зерттеушілер жас мамандарға сөз беруі үшін Ботаның көп күш салуына тура келген. «Бірақ қалаған нәрсеміз бола бермейді ғой», – деген Бота, кейіннен PaperLab пікірталас алаңы пайда болып, осы бастаманың маңызды бөлшегіне айналғанын айтады.
Қоғамдық саясат бойынша стипендиялық бағдарламалар жас зерттеушілер мен белсенділерге күн тәртібін қалыптастыруға және шешім қабылдау процесіне көбірек деректі, сараптама мен инклюзивтілікті енгізуге мүмкіндік беруді көздейді. Стипендиаттарға – барын салып жұмыс істегендеріне, Сорос-Қазақстан қорына төзімділігі мен адалдығына рақмет!

Оуэн Янг
ICPA
____________________


Пікірталас алаңында бағдарлама түлектері түрлі өзекті тақырыпты еркін талқылайды. Бота қазақстандықтардың оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару тақырыбындағы пікірталасқа келген дәстүрлі эксперттердің аң-таң болып кеткенін еске алады. Әр талқылауға қызықты жастар келеді. Олар – спикер де емес, қарапайым көрермендер.

Сондай жиындардың бірінде залда отырған бір қыз әжептеуір танымал депутаттың пікіріне қарсы шығып, ойын ашық дәлелдегені сонша – әлгі депутат не деп жауап қайтарарын білмей абдырап қалды. «Сондай керемет өтті! Әр жиыннан соң кейбір адамдарды танымайтынымызға таңқалам», – дейді Бота. Сонымен қатар, бастама елдегі ең беделді пікірталас алаңдарының бірі – «Кипр» талдау тобымен бірлесе жұмыс істейді.
Сорос-Қазақстан қоры өңірлерге еш күмәнсіз, сенімді бара беруге болатын екі тілді пікірталастар форматын қуана-қуана қолдайды. «PaperLab-қа тек Астана, Алматы емес басқа қалаларда талқы өткізуді ұсынамыз. Мысалы, Атырауда», – дейді Бота жоспарларымен бөлісіп. Дегенмен, оның пікірінше, қоғамдық саясат саласындағы қазақтілді жас зерттеушілерді дайындау әзірге мүмкін емес. «Қазақ тілінде бұл саладағы тиісті терминология әзір жоқ. «Қазақша бағдарлама бар ма?» деген сұраққа тек «Бар» деп жауап беру үшін ғана жоба ұйымдастыру, меніңше, дұрыс емес», – дейді ол.

Қазір бастама директоры бағдарлама түлектерімен жұмыс істеуді күшейтуге бекініп отыр. Оның сөзінше, зерттеу жобаларының санын арттыру керек. Кей саладағы нашарлау саясатты жақсартып, бірінде сәл болса да оңалтып, келесі бір салада саясаттың қажет екенін айта бастауымыз керек. «Жоба қатысушыларының арқасында бір-бірінен алыс салалардан хабардар болдым. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардан бастап, жеткілікті жабдықталмаған мектептерге дейін білемін, – деп күледі Бота. – Жобаларға жанымды беріп істеймін. Зерттеудің бәрі терең әрі өте құнды болғаны сонша – бірдеңе істеп, әлденені өзгерткім келіп тұрады».
СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВ
KAZ Minerals жобаларының менеджері

Қоршаған орта және табиғи ресурстар экономикасымен Англияда оқып жүргенде таныстым. Әлденені өзімнің істеуіме болады екен ғой деген ойдың тууына сол – Англия түрткі болды. Бирмингемде тұрған үйімнен 10-15 минуттық жерде үнемі тап-таза болып тұратын көлшік бар еді. Оны әкімдік емес, сондағы адамдардың өздері тазалайтын. Университеттегі курстардың бірінде адамдарға парктер мен қорықтардан келетін материалдық пайданы есептеуді үйрендім. Үйіңіздің қасында көлшік болғаннан сіздің қаншалықты табысқа кенелгеніңізді есептеп беретін әдістерді білемін. Қазақстанда адамдар мұндайды түсіне бермейді.
2016 жылы Қарасу көлін зерттей бастадым. Сондағы қарт кісілермен сөйлестім. Өзім сонда туғам, ата-анам әлі сонда тұрады. Шағын аудандағы балалардың немен айналысатынын білу үшін сондағы мектептердің бірінде сауалнама жүргіздім. Бала кезімде көлдің маңынан шықпайтынбыз, қазір бұл өзгеріпті: адамдар көшеде қыдырып қана жүреді, көл туралы білмейді де.

Көл маңында демалыс аймағын ашқым келді. Бірақ әкімдікке мұндай өтінішпен бармас бұрын дайындалу керек болды. Жобалық-сметалық құжаттарды дайындау үшін Сорос-Қазақстан қорына грантқа өтініш жаздым. Қор біздің техникалық құжаттама жасауға көп мән беріп кеткенімізді айтып, мектеп оқушыларымен ғана емес, сондағы жұртпен жұмысты күшейтуге кеңес берді. Өтінішімді кеңейтіп, бюджетті көбейттім, бірақ қауымдастықты қалай құру керегін білмей дал болдым. Бірақ Урбан Форум мен Қоғамдық кеңес жақсы қолдау көрсетіп, біз грант жеңіп алдық.

Қауымдастықты қалай құрдық? WhatsApp-та топ ашып, Қарасудағы таныстарымның бәрін сонда қостым. Олар басқа таныстарын кіргізді. Осылай қатарымыз көбейе түсті. Екі-үш күннің ішінде топта жүзден аса адам жиналды. Сол-ақ екен хаос, спам, боғауыз, қорқытып-үркіткен суреттер, біреу біреуді өшіріп, бірі қосып жатыр… Ақырын-ақырын тазалап, жобаға қызығушылығы бар адамдарды ғана қалдырдық. Топтан қатарымызға кем дегенде 500 адам қосылды.

Жоба жетекшісі саналғаныммен, қоғамдық жұмыста тәжірибесіз болдым. Көп қателік жібердім. Мәселен, жергілікті тұрғындарға грант алғанымызды айтпауым керек еді. Адамдар грант дегенді әдетте тендер деп түсінеді ғой. Тендер болса, біреуге «откат» бергенсің, ақша тапқансың, демек бірдеңе істеуге міндеттісің. Адамдарға барып, тілін тауып, өздерінің қалай белсенді болып кеткенін байқамай қалатындай ету керегін ұқтым. Қателесіп жүріп, тұрғындармен қалай жұмыс істеу керегін үйрендік.

Бір түсінгенім – кез келген ортада мәселеге бей-жай қарамайтын, не іс бастаса соған жанын салып жүретін адамдар болады. Мұны басқа да азаматтық белсенділер байқаған шығар. Қарасуда да осындай 20 адам таптық. Олардың көбі өзіне жұмыс істейді. Мен осылай істесем, ол солай болады деп ойлайды. Ешкімге арқа сүйемейді. Көлге де осы ұстаныммен қарағандар бар.

Қарасу көлінен ешқандай пайда таппайтыныма көзім жетті. Көл ақша табуға жарамсыз. Көлді ауылдағы адамдарға тапсыру керек. Былайша айтқанда, көлден акционерлік қоғам құрып, акцияларды тұрғындарға таратып беру.

Қоғамдық кеңес әкімдікте осы идеямызды таныстырғанда билік өкілдері бізден пайда таппақсыңдар деп күдіктенді. Бізге сол кездегі табиғи ресурстар басқармасының басшысы келді. Оған жартысы батпақ басқан көлді, жолды, қамысты, лайды, қоршауларды көрсеттік. Заңсыз басып алынған жерлерге апардық. Сондағы әр тасты жатқа білетінбіз.

Әкімдік қызметкері келіп-кеткен соң демалыс күндері 700 үйден (бұл шағын аудандағы тұрғындардың шамамен 70 пайызына тең) қол жинап, хат жаздық. Ақыр аяғында қала мәслихаты табиғи ресурстар басқармасының өтініші бойынша қаржы бөлуді мақұлдады. Алдағы мамыр айында жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауымыз керек. Тамыз-қыркүйек айларында құрылыс басталады.

Осының арасында Алматыны дамыту экологиялық қоры аталатын қоғамдық ұйым құрдық. Қорды экологиялық бірлестік ретінде дамытамыз деп шештік. Ұйымға ендігі сұраныс та бар. Бағанашыл мен Қарғалы аудандарынан адамдар хабарласты. Сондағы адамдар біздің жоба туралы естіген көрінеді. Олар да тұрғындарды жұмылдырып, суат маңында саябақ ашуды қалайды екен, бірақ неден бастауды білмесе керек. Бірақ бұл жобалар әзірге тоқтап тұр, алдымен Қарасудағы жұмысымызды аяқтап, көлді реттеп, қауымдастық жұмысын жолға қойып алайық деп шештік. Сорос-Қазақстан қорының арқасында қала іргесінде өмір түбегейлі өзгерді: адамдар белсендірек бола түсіп, көпшілік уақыт өткізетін орын пайда болды, көлге тіршілік оралды.
«ЖАҢА АЗАМАТТЫҚ
БАСТАМАЛАР»
Сауле Мамаева, бағдарлама үйлестірушісі

Бағдарлама өзекті әлеуметтік мәселелерді жұмыла шешуге бағытталған инновациялық жобалардың пайда болуына және дамуына ықпал етеді. Оның қызметі – шығармашылық интеллигенция өкілдерінің, әлеуметтік кәсіпкерлердің, үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ), құқық қорғаушылардың және түрлі саладағы жас мамандардың өзара іс-қимылын қолдау, сондай-ақ қаладағы қоғамдық кеңістікті дамыту.
Clique Fest командасы серіктесіміз – Cорос-Қазақстанға тұрақты диалогы, рефлексиясы және бізге әсіресе «Түрксібімізге» артқан сенімі үшін алғысымыз шексіз
Наргиз Шүкенова, Clique Film Festival
_____

Васильев жобасының координаторы Сәуле Мамаева «Әу баста Сергейге: «Бұл мәселені шеше аласыз. Бұрындары қоғаммен жұмыс істеген белсенділер көп опық жеген. Сондықтан оларға қиын болады. Ал сіз – коммерциялық ұйымның мықты менеджерісіз. Бірде-бір әлеуметтік жобада жұмыс істеп көрмегенсіз. Алда не боларын білмейсіз, сол үшін сізге қорқатын дәнеңе жоқ» дедім», – деп екеуінің алғашқы әңгімелерін еске алады.

Сәуле жұмысы туралы, әсіресе серіктестеріне дем беріп, олармен сенімге негізделген қатынас орнату жайлы шабыттана баяндайды.
Қарасу көлі аясындағы қазір жоба сәтті іске асып жатыр. Бірақ Сәуле: «алғашында Сорос қорының Urban Forum Almaty-мен бірлесе жариялаған әлеуметтік бастамалар байқауы неге ұласарын білген де жоқпын» дейді.

«2016 жылдың соңында өткен Урбан Форумда билік тұрғындарға алғаш рет қаланы дамытудың 2020 жылға дейінгі стратегиясын таныстырды. Сондағы пунктілердің бірінде «Алматы – белсенді азаматтар қаласы» деп жазылған еді. Маған әлгі белсенді азаматтардың кім екені, олардың қайда жүргені, мұндай қанша азамат бары, қазір қандай белсенділік танытып жүргендері қызық көрінді. Бұл сұраққа жауап іздеуге уақыт та, мүмкіндік те жоғын біліп, неге осы бірден байқау жариялай салмаймыз? деп ойладық», – дейді Сәуле «Жаңа азаматтық бастамалар» бағдарламасының құрылған сәтін еске алып.

Бағдарлама туралы сұрап, біраз адам хабарласқан соң Сорос-Қазақстан қоры «мүмкіндіктер терезесі» сияқты құрылым ашуға бекінген.
Сорос-Қазақстан қоры біздің алаңның елгезек те данышпан серіктесі болған және болып қала береді. Сенімді және дамыған қоғамға таза әрі дамыған қаланы қалыптастыру жолындағы сенім мен сыйластыққа құрылған серіктестігімізді мақтан тұтамыз

Әсел Есжанова,
Urban Forum Kazakhstan

____________________
болуы – азаматтарға ерекше идеяларыңыз болса, келіңіз, айтыңыз, міндетті түрде тыңдаймыз деген месседж. Қорда жүріп, әлдекімді естімей, көрмей қалуың мүмкін деген қауіп қашан да бар ғой. Ал бұл бағдарлама қордың азаматтарға ашық болуына мүмкіндік береді», – дейді бағдарлама координаторы.


Екі жыл ішінде қор біраз адамға қолдау көрсеткен. Оның арасында алматылықтардың таза ауамен демалу құқығы үшін күресіп жүрген Әсия Түлесова, қазақтілді мектеп оқушыларының экологиялық білімін арттырып жүрген Ажар Жандосова және келушілерге интерактив гид құрған шағын музейлерде істейтін қызметкерлер бар. Сорос-Қазақстан қорының гранттары қаланы танып-білуге арналған бес зерттеу жүргізуге, қала арxитектурасын зерттеп, жинақтауға, жергілікті алады деп сенеді. «Себебі түрлі бастама, тәртіп пен адамдар бір жерде түйіскенде ғана жаңа құрал не әдістеме жасап шығуға болады», – дейді Сәуле бағдарлама мақсаты туралы.
Қордың серіктестерімен жұмысында білім беру ерекше рөлге ие: мәселен, арнайы шақыртылған тренерлер жергілікті белсенділерге қауымдастық қалыптастыру өнерін үйретеді. Ешбір тәжірибесі жоқ азаматтарды бастапқыда қоғам түсінбей, белсенді адамдарға не керегін ұзақ зерттеп, көп нәрсені ұққан соң ғана олар жобаларын жүзеге асыра бастайды.

Қорда бірнеше тарапты біріктіретін кешенді жоба әзірге көп емес. Сәуленің сөзінше, қазақстандықтарға бірлесе жұмыс істеу оңай емес.

«Менен басында «Әкімдікпен бірлесе жұмыс істеуге бола ма? Коммерциялық құрылымдардан әлдекімді шақырсақ қалай?» деп секемдене сұрайтын. Мен оларға әрине, бізге не керегін түсіндіңіз ғой деймін». Сенімді адамдармен бірлесе жұмыс істейтін белсенділер келесі сатыға өтіп, жүйелі өзгеріс жасау керек екенін түсінеді.

«Белсенділер қала әкімдігімен, түрлі мемлекеттік органдармен маңызды диалог орната бастайды. Ал біз қажетті білім беруге тырысамыз. Серіктестеріміз қажетті қабілеттерді бойына сіңіреді де, екінші раундқа өтеді яғни, қайта өтініш беріп, жобаларды дамыту байқауына қатыса алады. Олар жүйелі өзгеріс жасау үшін көбіне адвокациялық жұмыс жүргізе алады», – дейді Сәуле байқау меxанизмдері туралы.

Серіктестер бюрократиялық мәселелерді өткере жүріп өседі. Мәселен, арxивтерде ғана жұмыс істеп жүрген ArchCode командасы қазір алматылықтардың өзі таңдаған ғимараттарды арxитектура жәдігерлері реестеріне кіргізуге ұмтылып жүр. Ал инклюзивті театр лабораториясының әртістері қоғамдық қор құруға тырысып жатыр.

Сәуленің айтуынша, қала мәселесін кешенді түрде шешпесең, жеке-жеке жұмыс істейтін жобалар – теңіз тамшысындай ғана шаруалар. Бірақ ол құр отырғаннан гөрі бірнәрсені өзгертуге тырысқанды жөн көреді. Сондықтан «Жаңа азаматтық бастамалар» жаңа бағытқа, өзге қалаларға бет алмақ. «Тың идеялар, жаңа жобалар мен серіктестер бәрі басынан басталады. Ол жақта да тап осылай басы қатты, аяғы тәтті болмақ», – дейді Сәуле.

САЛТАНАТ
ҚАЛЕЕВА


«Мама Про» тренинг
орталығының түлегі
______________



Алған білімім бойынша акушермін, күйеуім – заңгер. Екінші баламыз ерекше боп туды. 6-7 жасқа дейін дәрігерлер балама сөйлеудің жалпы дамымауы, психикалық дамудың тежелуі сияқты диагноздар қойды, кейін ауытқудың анық себебін іздеңіздер деді. Қозғалыс функциялары қалыпты еді, түр-тұлғасы да басқа балалармен бірдей, бірақ тілі шықпады. МРТ-дан соң Таирдың орталық жүйке жүйесінің туа бітті ақауы – мидың пахигириясы барын айтты. Яғни, ми қатпарлары дұрыс қалыптаспаған. Тереңдігі мен ені, қатпарлардың ара қатынасы дұрыс емес. Сол сәтте өмір бойы екеуміз бір-біріміздің қасымызда болатынымызды түсіндім. Оның артынан тағы екі бала тудым да, декретте ұзақ отырып қалдым.
Бір кездері медлабораторияда жұмыс істедім. Таирды қасыма ертіп алатынмын. Бәрі маған тесіле қарайтын, бірақ үндемейтін. Таирдің ерекше екенін, тып-тыныш қана отыратынын көретін. Мен қан алғанша балам үш-төрт сағат отыра беретін. Бірақ оның уақытын босқа өткізіп жатқаныма жаным ауыратын еді. «Ақымақ басым-ау, мен не істеп жүрмін өзі?!» деп өзіме ұрсатынмын. Кейін ол жұмыстан кетіп қалдым.

Сосын бірнеше жыл оңалту орталығында жұмыс істеп, өз баламды да сонда сауықтырып жүрдім. Бірақ сауықтыру үшін баламен ұзақ жүруің керек. Әрине, бірде-бір жұмыс берушіге үнемі бір жаққа сұранып кететін қызметкер ұнай қоймайды. Тағы да тығырыққа тіреліп, жұмыстан шығуыма тура келді. Кейіннен өз-өзімді дамыту керек екенін түсіндім. Тап біреу тілегімді естігендей, жарты жылдан соң әлеуметтік желіде «Мамы Про» жобасының постын көріп қалдым. Тренинг орталығының негізін қалаушылар бала тәрбисінен қол үздірмей-ақ кәсіпкерлік, бухгалтерлік есеп, әлеуметтік желілердегі маркетинг және жеке бренд құру негіздерін үйретеміз деді.

Арман, мақсат деген әу баста болды, бірақ оларды қалай іске асыруға болатынын білмедім. Орталықта оқып жүріп, мүгедек балаларға арналған оңалту орталығын аша бастадым. Біраз маман тартылды. Өзіме копирайтинг сабақтары қатты ұнады, ал презентация өнері бойынша жаттықтырушымның шабыт бергені сонша – төбем көкке бір елі жетпей қалды. Оқып жүргенімнің бәрі маған керек екенін жан-тәніммен түсіндім. Қалағанымнан көп нәрсе үйрендім. Өзім осыны армандап та едім. Курстарға баламмен келіп жүрдім, орталық екінші үйімдей болып кетті. Таирдың өзі мұнда асыға келетін, оған да ұнайтын. Ал мен уайымсыз оқып жүрдім.

Жобаны ресми түрде қорғаған соң Астана бойынша әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы қабылдауына келуімді ұсынды. Оның кім екенін, мені әлеуметтік қорғау бөліміне не үшін шақырғанын білмесем де, ертеңіне таңғы 9:00-де қабылдауында болдым. Олар «орталыққа қабылдағалы жатқан әр баланы тегін сауықтырыңыз, олардың орнына біз белгілі бір сома төлеп отырайық» деп ұсыныс жасады. Бірақ өз ақшама ғимарат тауып, оны бастан-аяқ жасақтауым керек болды.

Ең қымбаты жиһаздың бағасы 3 миллион теңгеге дейін еді. Мұндай соманы қалтам көтермейтінін білдім. Өйткені менде көк тиыным да болған жоқ. Сонда ғана бізде мұндай орталықтардың неге жоғын түсіндім. Бұл – ақша табатын бизнес емес. Мені өзім сияқты ата-аналар мен ерекше балаларға арналған ештеңенің жоқтығы қынжылтатын. Қайтсем де осы орталықты ашамын деп бекіндім.

Үнемі күйгелектеніп жүріп, түнде ұйқыдан қалдым. Бірақ құдай өзіңе керек адамдарға жолықтырады екен. Көше кезіп, не істерімді білмей жылап жүріп ақыры керегімді таптым. Ғимарат иесі алдын ала ешбір ақы талап етпей, тіпті керекті жиһазды өзі берді. Осылайша, екі айда орталықты жабдықтап, жөндеп, әлеуметтік қорғау бөліміне құжаттарды өткіздім. 30 қаңтарда орталығымыз ашылды.

Қорқынышты жеңіп, әрекет ету керегін түсіндім. Балауыз 72 сағат жанып тұр ма, демек, өшпей жатып орныңнан тұрып, тірлікті бастау керек. Ақша керек, әрине, бірақ мен мұның бәрін ешбір қаражатсыз, біреуге барып, әлдекімге телефон соғып, хат жазып істедім. Көздеген нәрсең мен жоспарың болса, түбінде жетістікке жететініңді білесің. «Мама Про» орталығында идеяларды мида қорыта бермей, қағазға түсіруді үйрендім. Курстарға қатысып жүргенде қалтамда көп ақша жатқандай, тап бір ертең барып орталық ашатындай өзіме сұмдық сенімді болып кеттім. Әлі де солай. Ақырын, бірақ тура жүріп барамын.
«АШЫҚ ЭКОНОМИКА»
Рафаэль Жансұлтанов
бастама үйлестірушісі
Қасымхан Қаппаров,
2017-2018 жылдары бастама үйлестірушісі
Бұл бастама – азаматтардың экономикалық құқықтары мен бостандықтарын кеңейту, инклюзивті экономикалық өсімді қолдау және Қазақстанды әлемнің дамыған елдерінің қатарына енуіне жәрдемдесу жолындағы қордың негізгі жобасы. Ол экономикалық белсенді халық үлесіндегі әйелдер, мүгедектігі бар адамдар, ерекше балалардың ата-аналары, жастар мен ауыл тұрғындар санының артуына ықпал етеді.

«Мама Про» қоғамдық қорымен жұмыс істеу арқылы қандай да бір жоба сәтті іске асуы үшін проблеманы шешудің жақсы моделі болуы керегін және осы мәселені өз басынан өткерген, өзі сияқты адамдар кезігетін қиындықтарды шешуді қалайтын адамдардың жобаға тартылуы маңызды екенін түсіндік. Осындай жобаларды дер кезінде тауып, аз болса да қолдау көрсетсе – әлгі адамдар осы бір әлеуметтік әлсіз топтың мәселесін тиімді шеше алады», – дейді 2017-2018 жылдары бастама үйлестірушісі болған Қасымхан Қаппаров.
Бізге бірінші сенім артқан – Сорос-Қазақстан қоры. Жоба барысында бізге материалдық жағынан ғана емес, құнды кеңестер беріп, бастан-аяқ көмектесіп, тамаша түсіністік танытып, моральдық жағынан да қолдау көрсетті

Айжан Әлжанова,
«Мама Про»
____________________
«Мама Про» жобасы жаңа басталғанда қор оның коммуналдық шығынын жауып қана қоймай, жиһаз бен техника сатып алып, жаттықтырушылардың жалақысын төлеп берді. Сонымен қатар ұйымдастырушыларға негізгі идеяны анықтауға көмектесті. Енді Қазақстан бойынша ерекше балалардың бастамашыл ата-аналарында осындай тренингтік орталықтар құру үшін жұмыс моделі пайда болды, онда олар бизнес жүргізу негіздерін үйреніп, компьютерлік сауаттылығын арттыра алады.

«Адамдарға сенімділік сыйлаудың ең тамаша тәсілі – оларға өмірде болған, мықты мысалдар келтіру. Бұл тұрғыда біздің мақсатымыз – дағдыларға үйретіп қою ғана емес, нәтижеге қол жеткізуге болатынына сендіру», – деп түсіндіреді Қасымхан.

Бүгінде жоба әуелде жоспарланғаннан әлдеқайда көп нәрсеге қол жеткізді. Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен ерекше балалардың аналары өз проблемаларын өздері шешуге, мемлекетпен және бизнеспен диалог жүргізуге, өзінің экономикалық құқықтарын жүйелі түрде қорғауға қабілетті қауымдастық құруға мүмкіндік алды. «Қазір қауымдастық талқылайтын идеяның бірі – ыңғайлы уақытта жұмыс істеу мүмкіндігі болу үшін ерекше балалардың ата-аналарына арнаулы мәртебе беру», – деп баяндайды Қаппаров.

2017 жылы Сорос-Қазақстан қоры республикада бірінші болып Халықтың әлеуметтік әлсіз топтардың экономикалық құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жеке бастама құрды. Осы уақытқа дейін адам құқықтары мен елдің экономикалық дамуының түйіскен жерінде тек жекелеген ұйымдар ғана жұмыс істеп келген.

«Әңгіме әдеттегі қайырымдылық туралы емес, деп Қасымхан бастаманың ерекшелігін түсіндіреді. – Біз біріншіден, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына практикалық дағдылар беруді, екіншіден, қандай да бір шектеулер болса, мемлекеттік саясатқа ықпал етуді, үшіншіден, адамдарды өзін-өзі басқаратын қауымдастықтарға біріктіре отырып, өздерінің экономикалық құқықтарын қорғауға үйретуді қалаймыз».

2018 жылы Сорос-Қазақстан Жауғашты кентіндегі «ЛА 155/4 мекемесінде» сотталған әйелдердің компьютерлік сауаттылыққа оқыту жобасын қолдап, бізге үлкен қолдау білдірді. Қор өзгелерден мықты кәсібилігімен ерекшеленеді

Нұрбике Аманжолова, «Жеті ағаш» қоғамдық қоры
сәтте алдына таңдау берілмейді және бұлар «үкімет радарына» әдетте ілікпей жатады. Екі жыл ішінде қор осы адамдарға өз атынан өздерінің экономикалық құқықтары мен бостандықтары туралы айтуға қалайша мүмкіндік беруге болатынын түсіндірді.

«Әр топқа түрлі қатынас керегін жақсы түсінеміз. Кейде жағдайды жергілікті деңгейде өзгертуге көмектесудің өзі де жеткілікті, кей жағдайда заңнама деңгейінде бірлесіп жұмыс істеу қажет болады. Адамдардың нақты қажеттіліктері мен қолда бар ресурстарын негізге алып, қолдау көрсету туралы шешім қабылдаймыз», – дейді 2019 жылдан бастап бастаманы басқаратын Рафаэль Жансұлтанов.
Қазір қор бірлесе жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдар қамаудағы әйелдерге компьютерлік сауаттылықты оқытып, болашақ зейнеткерлердің зейнетақы реформасындағы өзгерістерден хабардар болуын қамтамасыз етеді. Мүгедектігі бар адамдардың қаржылық қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Бірақ осы жобалардан бұрын проблеманы және оны шешудің ықтимал жолдарын анықтау үшін сапалы зерттеу жұмыстары болуы тиіс.

«Қазақстан экономистері, өкінішке қарай, әзірге біздің бастама жұмыс істеп жатқан әлеуметтік әлсіз топтардың проблемаларын зерттемейді.

Олар микродеңгейге сирек үңіледі, макродеңгейге қарап әдеттенген мамандар оның артында тұрған адамдарды сирек көреді», – дейді Қасымхан. Сондықтан бастаманың әуелгі міндеттерінің бірі – экономист сарапшылар мен нақты адамдардың мұқтаждықтары арасындағы алшақтықты жою болды.

Осы мақсатта 2017 жылы бастама алғаш рет «Ашық экономика» форумын өткізді. Сорос-Қазақстан бір үстелдің басында азаматтық қоғам, экономикалық сектор, үкімет өкілдерін және бизнесмендерді жинады. Форум қатысушылары зейнеткерлердің, әйелдердің және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың құқықтарын талқыға салды. Өзін жұмыспен қамтығандарды зерттеу үшін қор Қазақстанның төрт облысында әлеуметтік зерттеулерге қолдау көрсетті.
Зерттеу нәтижелері депутаттар мен үкіметке жеткізілді. Осы тақырыпты талқылауға елеулі үлес қосқанымыз қуантады, себебі сол кездері бұл зерттеу өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың «әлеуметтік портретін» және олардың қажеттіліктерін сипаттайтын жалғыз еңбек еді», – дейді Қасымхан. Мұнан соң халықтың экономикалық құқықтарын іске асыру тұрғысынан ең әлсіз топтың бірі саналатын ауыл әйелдерінің портретін жасауға бағытталған осындай жоба бастау алды.

Әйелдердің экономикалық құқықтары – «Ашық экономика» бастамасы ден қойған бағыттардың бірі. Былтыр Сорос-Қазақстан қоры НАРХОЗ университетімен бірлесіп, гендерлік экономиканы зерттеу орталығын ашты. «Қазақстан мен Орталық Азияда мұндай зерттеу орталықтары бұрын-соңды болмаған. Түрлі кездесу мен талқы кезінде бұл тақырып бойынша мәлімет, ғылыми зерттеулер жоғын жиі естиміз. Негізінен гендерлік экономика – бұл кеше пайда болған тақырып емес, дамыған елдерде бұл бағыт бұрыннан зерттеледі. Қазақстанда және Орталық Азия елдерінде әлемдік сараптаманы енгізуге, сондай-ақ экономикалық ғылымның жаңа саласын дамытуға ықпал етуге көмектесу біз үшін маңызды», – дейді ол.

«Зерттеу жүргізіп қою ғана жеткіліксіз, маңызды әлеуметтік мәселелерді мүмкіндігінше көтеру үшін оларды қызу қоғамдық пікірталастардың бір бөлігіне айналдыру өте маңызды. Әйтпесе, теория мен тәжірибе арасындағы аса қажет компромиске қол жеткізе алмаймыз», – дейді бағдарлама директоры Аида Айдарқұлова.


Сорос-Қазақстан қорымен серіктестігімізді бағалаймыз. Меніңше, қордың негізгі мақсаты – жергілікті талдау бастамаларын дамыту, стейкхолдерлердің негізгі проблемала туралы хабардар болуын арттыру. Қор ынтымақтастыққа әрдайым ашық және дамуға мүмкіндік береді. Ол – әдеттегі клиент емес, грант берсе де серіктес. Қорды осы қасиеті үшін бағалаймыз! Бұл құр мақтау емес, сенімді серіктестік!

Жәнібек Айғазин,
Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы
© Сорос-Қазақстан қоры
Алматы, Қазақстан, 050000
Желтоқсан к-сі, 111а, 9-кеңсе
Тел.: +7 (727) 258 13 54
Made on
Tilda